Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 54

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » "ӘЛЕМ БАРЫСЫ": АЙБЕК ЕКІНШІ РЕТ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

"ӘЛЕМ БАРЫСЫ": АЙБЕК ЕКІНШІ РЕТ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

Бүгін Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында қазақ күресінен «Әлем Барысы-2018» жарысының жалауы желбіреді. Әлемнің 29 елінен келген кіл мықтылар жүлде жолында барын салды. Көпшілікті ауыр салмағымен таңқалдырған ирандық пен Жаңа Зеландиялықты үздік үштікке енуі мүмкін деп болжағандар көп болды. Десе де, тәжірибесі толысқандардың бағы жанды.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған беделді бәсекеге грузиялықтар мен ресейліктер жақсы дайындықпен келіпті. Бұл сында ел намысын бес балуан қорғады. Алайда, көпшілік үміт күткен Руслан алғашқы айналымда-ақ жарыстан шет қалды.
Сонымен, жанкүйерлерді жерге қаратпаған қазақ балуандары жақсы өнер көрсетті. Әсіресе, Айбек Нұғымаровтың шабысына жанкүйерлер тәнті болды. Жартылай сында грузиялық әккі балуан Гурам Тушашвилиден айласын асырып кетті. Ал, екінші жартылай сында ресейлік Роман Бобиковпен белдескен Ерсұлтан Мұзаппаров та үмітті ақтай алды. Алайда ол финалдық белдесуде Айбекке жол беріп, әлем біріншілігінің күмісін қанағат тұтты. Ал, үшінші орын Романға бұйырды.
Айта кетейік, биылғы біріншіліктің жалпы жүлде қоры 20 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде 10 миллионы жеңімпазға тиесілі. 6 миллион екінші, 3 миллион теңге үшінші орын иегеріне табысталады. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылыпты. Сонымен қатар, биыл алғаш рет «Жеңіске деген талпынысы үшін» номинациясы бойынша 1 миллион теңге сыйақы да бар. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмады.
Не десек те қазақ балуаны тағы да жеңіс тұғырында.
ЖЕҢІСТІ КҮНДЕР КӨП БОЛСЫН.ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

02 желтоқсан 2018 ж. 971 0