Соңғы жаңалықтар

№35 (8849) 13

13 мамыр 2025 ж.

№34 (8848) 10

10 мамыр 2025 ж.

№33 (8847) 6

06 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ӘЛЕМДЕГІ ҚЫМБАТ ФУТБОЛШЫЛАР

ӘЛЕМДЕГІ ҚЫМБАТ ФУТБОЛШЫЛАР

Халықаралық спорттық зерттеу орталығы (CIES) әлемдегі ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде Англия ұлттық құрамасы мен "Тоттенхэм" футбол клубының шабуылшысы Харри Кейн көш бастап тұр.
"CIES" ағылшындық футболшыны әлемдегі ең қымбат футболшы ретінде танып отыр. Трансферлік құнын 201 миллион еуроға бағалаған. Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингінде екінші орынға Неймар орналасқан. Бразилиялық футболшы өткен жылы көш басында еді. "CIES" футболшының құнын 195,7 миллион еуроға бағалаған. Үштікті тағы бір ПСЖ клубының ойыншысы Килиан Мбаппе түйіндеп тұр. Оның трансферлік құны 186,5 миллион еуро көлемінде екен.
Ал, Месси төртінші орынға жайғасқан. Мадридтік "Реалдың" үздік шабуылшыларының бірі Криштиану Роналду бұл рейтингте бар болғаны 24-орынға жайғасқан. "CIES" португалдық шабуылшы өзге командаға ауысар болса 103,4 миллион еуроға бағаланады деп топшылап отыр. 
05 маусым 2018 ж. 1 424 0