Соңғы жаңалықтар

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ПАРИЖ ТӨРІНДЕ ҚОЛАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

ПАРИЖ ТӨРІНДЕ ҚОЛАҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗДІК

Қазақстандық команда Францияда эстетикалық топтық гинастика бойынша «Louvres Cup Open 2018» халықаралық жарысында үшінші орын алды, деп хабарлайды «SPORTINFORM». 

Қазақстандық спортшы бойжеткендер үшін бұл жарысқа қатысу халықаралық деңгейдегі бірінші тәжірибе болды. Қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясынан атап өткендей, команданың алдында үздіктер «үштігіне» кіру міндеті тұрған, спортшы қыздар Парижде қола медальді жеңіп алып, оны орындап шықты. 

Эстетикалық гимнастика ережесі бойынша, спортшылардың композиция, қимыл-қозғалыс: дененің әмбебап және түрлі қозғалысы, бұрылыстар, секіру және би қадамдары бағаланады. Төрешілер иілгіштік пен жылдамдықты ғана емес, күш пен үйлесімді де бағалайды.
28 қазан 2018 ж. 786 0