№83 (8996) 3

03 қараша 2026 ж.

№82 (8995) 29

29 қазан 2026 ж.

№81 (8994) 24

24 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » ТАҒЫ БІР СПОРТ ӨРКЕН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

ТАҒЫ БІР СПОРТ ӨРКЕН ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Қазақстандықтар Таллинде өткен IRONMAN жарысында үздік нәтиже көрсетті

Жарысқа әлемнің 50 елінен 1500-нан аса спортшы қатысты.

Қазақстандық триатлоншылар Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко Эстония астанасы Таллинде өткен IRONMAN жарысында толық дистанцияны бағындырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Таллинде өткен жарыста супертриатлонның "темір" дистанциясының талаптары мынадай: 3,8 шақырым жүзу, 180 шақырым велосипедпен және 42 шақырым 195 метрді жүгіріп өту. 
Жарысқа әлемнің 50 елінен 1500-нан аса спортшы қатысты. Қазақстанның атынан екі триатлет шықты - Салтанат Қазыбаева мен Алексей Сидоренко. Екеуі де Age Group санатында. 
Екі спортшы да толық дистанцияны бағындырды. Сидоренко 10:24:48 секундта келіп, жалпы есепте ерлер арасында 35-39 жас аралығында 185 атлеттің арасында 56-шы орынды иеленді. 
Өз кезегінде Қазыбаева толық дистанцияны 11:03:36 секундта бағындырып, әйелдер арасында 30-34 жас аралығында 11-ші орынды иеленді. 
05 тамыз 2018 ж. 1 108 0