№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЗИАДА: СЕГІЗІНШІ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА

АЗИАДА: СЕГІЗІНШІ АЛТЫН ҚОРЖЫНДА


Қазақстандық гимнасшы Алина Әділханова 2018 жылғы Азия ойындарының тағы бір алтын медалін жеңіп алып, екі дүркін чемпион атанды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.Әділханова төрт түрдің нәтижесі бойынша 66, 800 ұпай жинап, жеңіске жетті.
Сондай-ақ, 65 850 ұпаймен екінші орынды өзбекстандық спортшы Сәбина Ташкенбаева алды.
Қазіргі таңда екі ел де бұл жарыстағы медаль саны бойынша тең дәрежеде келе жатыр. Бірақ, «алтын» санына байланысты Қазақстан көршілес Өзбекстаннан екі үздік медальмен жоғары тұр. Ал, осы спорт түрінен қола жүлдені қытайлық гимнастшы Ятин Жао 65550 ұпаймен иеленді.
Сонымен қатар, бұл бағдарламада тағы бір қазақстандық спортшымыз Адиля Тлекенова да өнер көрсетті. Ол жарыста тоғызыншы орынды иеленді.
Айта кетейік, Алина Əділханова топтық жаттығуда да чемпион атанған болатын.
28 тамыз 2018 ж. 866 0