ЖАҢАҚОРҒАН ЖІГІТТЕРІ
Қазақ жігіттерінде қайсарлық қасиет бар. Кеудеде алаулаған намыс оты мәрттік мінезін де айғақтай алады. Бүгінгі нарықта дүниеқоңыздыққа ден қойып кеттік пе, біреуге жанашыр болудан гөрі бір жапырақ матаны да пайда көру анағұрлым артық олжаға айналды. Сондай пейілі тар пасық пиғыл шалға да, шауқанға да, жігітке де жараса қоймас. Онан да елдің абыройына елгезек, ердің намысына желкен болатын жағдайды ойласақ игі еді.
Жаңақорғанның атын алысқа шығарған Әбузәкір Әбжаппаровтың шәкірттері Мұрат Сүгірбаев, ағайынды Жамбыл, Мұхтар Атабаев, Аман Сейітов, Асан Әбутәліпов, Нүркен Байбөриев, Қайрат Аблахов, Сапан Шәйменов, Шаридин, Серік Әбдірахмановты білмейтін адам некен саяқ. Осы жігіттер қолы қысқалықтан спортты ерте тастады. Әйтпесе олар шығар шың көп еді. Өкініштісі, көп болып көмектесе алмадық. Бүгін №7 олимпиадалық резерв мектебі директорының орынбасары Қайрат Аблаховтың өмірінен бір-бір тағылым тарқатсақ деймін.
Жылқыдан абырой артық
1997 жыл. Өтпелі ауыр кезең. Жарыс түгілі тамақ табу мұң уақыт. Осындай қысылтаяңда қазақ күресінен Талдықорғанда Қазақстан чемпионаты өтетін болды. Бабындағы жеті балуан бару керек, ақша жоқ. Облыстан да қолдау болмады. Қайраттың шыр-пыры шықты,балуан балалар бапкерге қарайды. Бапкер көзімен жер шұқиды.
– Жоқ болмайды, үйде бағуда тұрған жылқыны сатамын. Кеттік жігіттер!
Олар жылқыны сойып, етін базарға өткізді. Сөйтті де пойызға билет алып, жолға шықты. Мынадай мәрттікті көрген Жаңақорған жігіттерібоз кілемнің шаңын қақты. Қарсыласқа дес бермеді. Әр жүректе намыс биік тұрды! Жақсылық Исмайлов, Лесбек Әбдікәрімов, Жалғас Әбдікәрімов, Ерлан Сайфумәліков, Айдос Бектасов чемпионатта алтыннан алқа тақты. Командалық есепте Жаңақорған ауданы бірінші орынға көтерілді. Бұл тарихта алтын әріппен жазылатын жаңалық еді, сол жеңісті де ұмыта бастадық. Қайран, ақша үшін арпалысқан ниетіміз-ай!
Әйел – бапкер
2000 жыл. Қызылордада қазақ күресінен республикалық турнир өту жоспарланды да Қайраттың шәкірттері қатысуы тиіс еді. Бапкердің тік мінезі басшыларға жақпай қалды да оған қарсылық туындады.
– Осыдан жарысқа барсаң, сол күннен жұмыстан боссың!
Бапкердің бармағаны балғын балуандардың бағын байлап қойды. Ары ойланып, бері ойланып Қайрат оңай тетік тапты. Әйелін мектептен екі күнге сұрап алды, сөйтіп орнына бапкер ретінде Қызылордаға жіберді. Өзі қалды. Басшы тапсырғандай жарысқа бармауы тиіс.
Шәкіртері сенімді ақтады, Мерей Жақыпбек пен Нұржан Өтеген чемпион атанды.
Намысқой Нүркен
1991 жыл. Әйгілі Әбілсейіт Айханов күрестің жаңа ережесін еңгізіп, бес салмақ бойынша жеңілгенше күресу керек. Уақытқа шек қойылмады. Оралда өткен халықаралық турнирде Өзбекстанның атақты балуандары ағайынды Абдуллаевтар шетінен қырып жатыр. Барлық облыстан отырған өкілдер саса бастады. Осы кезде бір ақсақал суырылып топтан шықты да: – Қазақтар, намыс қайда? Алтын құрсақтан шыққан батыр ұл бармысың? – деді көзіне жас алып. Мынаны есіткен Кейден ауылының түлегі Нүркен Байбөриев орнына атып тұрды: – Мен күресемін!
Салмағы небәрі 74 кілә. Бірақ намыстың салмағы онан ауыр. Кілемде оның қалай ойқастағынын көрсең ғой, екі өзбекті допша домалатты. Оңға да салады, солға да салады, қазақтың күші қалай болатынына қанықтырып, қарсыласты мойындатты. Мынадай намысы үшін әлгі ақсақал құшақтап, батасын берді. Сол Нүркен қазір Астанада олимпиадалық ұлттық құрама орталығының бапкері.
Шіркін, осындай намысты жігіттер арамызда әлі көп. Қолдап, қамқорлыққа ала жүрсек ғой...
Қаныбек Әбдуов.