№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

НАМЫС


Жергілікті университеттен «Нұр Отанның» облыстық филиалына  ауысып, бірнеше жыл аудармашы болған Наталья Ильясова тірлігіне тақадай, іс құжаттарға пысық қыз еді. Ұлты шешен демесен, қазақ тілін қазақтан кем білмейтін, ұлттық салт-дәстүрге озық тұғын. Бітімі толық денелі, бірақ қимылы ширақ, жұмысты жылдам атқарады. Сырттай қызығамыз, келін болса бір отбасының шаруасын лезде дөңгелетіп-ақ әкететін бойжеткен дейміз іштей. Мінезі ашық, еркін сөйлесеміз. Сол бүкпесіз сөйлесетін әдетпен оған қазаққа келін болуға қалайсын дегенмін. Ол шоршып түсті. — Ниетіңіз рахмет, мен шешенге ғана тұрмысқа шығуым керек, — деді.
Үнсіз қалдым. Ол арадағы үнсіздікті ұзатпай, сөзін қайта жалғады.
— Қазақтан таяқ жеп жүргенше, шешеннің қолында өлген анағұрлым артық, — деді сосын.
Мына сөз қамшыдай тиді. Дегенмен намысына, ұлтшыл қасиетіне қайран болып тұрмын. Бәлкім, жәй әңгімесі болар деп те ойладым. Бірақ бос сөз еместігін кейін сездім. Наталья интернет арқылы Мәскеуде жүрген шешен жігітімен танысып, ақырында соған тұрмысқа шықты. Қазір елге келгенде хабарласып тұрады, әйдік әйел болып кетті.
... Шіркін қазақ қыздарында да осындай ұлттық намыс болса ғой...
            Қаныбек ӘБДУОВ
15 маусым 2018 ж. 883 0