№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Белбеу күресінен Ресейде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?

Белбеу күресінен Ресейде өтетін Әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды?


Жаңақорған спорт кешінінде 2001-2002 жылы туған жасөспірімдер арасында белбеу күресінен Қазақстан Республикасы чемпионаты жалғасты.
Чемпионатттың ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі Ғалым Әміреев:
– Ахмет Шынтайұлының балалық дәуірі патшалық кезеңде өтсе, жастық кезі Кеңестік заманға ұштасты. Ол өмірдің түрлі қиындығын көріп, ағайынның бірлігін бекемдеуге атсалысты. Ахмет қарияның артында оның ізін жалғастырар саналы да салауатты ұрпағы қалды. Жаңақорған агро-техникалық колледжінің дирек­торы, белбеу күресінен облыстық спорт федерациясының төрағасы Мадияр Ахметовтың ұйытқы болуымен өтіп жатқан шара соған дәлел, – деді.
Құттықтаушылар арасында Зей­­нулла Төлеутаев, Әбдіхалық Абдул­лаев, Есенжол Әлияров, Нұрбек Палымбетов табылса, Сауранбек Елеуов әннен шашу шашты.
Спорттық додаға Астана, Шымкент қаласынан, Ақмола, Атырау. Ақтөбе, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда облысынан 140 спортшы келді.
Екі күнге созылған дүбірлі додада жігіттер 10 салмақ дәрежесінде, қыздар 7 салмақ бойынша сынға түсті. Чемпионатқа белбеу күресінен 15 спорт шебері қатысты. Бұл жарыстың деңгейінен хабар беретіндей.
Екі күнге созылған сайыс қоры­тындысында ерлер арасында жең­іс тұғырына 45 келі салмақта қызылордалық Нақберген Тоқ­баев, 50 келіде жерлесіміз Мейір­жан Қоқанбаев, 55 келіде Алматы облысынан Нұрсұлтан Нұрсейіт, 60 ке­ліде атыраулық Жұмабек Жолдасқалиев, 65 келіде алматылық Саян Құрманғалиев, 71 келіде қызыл­ордалық Наурызбек Мамыт, 77 келіде ақтөбелік Нұрсәт Көшербай, 85 келіде қызылордалық Айберген Алдаберген, 95 келіге дейін қызылордалық Айдын Жалаңбасов, 85 келіден жоғарғы салмақта Шымкенттік Ерсұлтан Жорабек көтерілді.
Ал қыздар арасында 44 келі салмақта қызылордалық Мүнира Рахымжанова, 48 келіде павлодарлық Диана Омарханова, 52 келіде қызыл­ордалық Назерке Әбілтаева, 58 келіде павлодарлық Анель Сержанова, 53 келі­де павлодарлық Анастасия Быкова, 70 келіге дейін қызылордалық Жұлдыз Жұмахан, 70 келіден жоғары түркістандық Ақмарал Оразбай жеңіс тұғырына көтерілді.
Жеңімпаздар облыстық спорт және денешынықтыру басқармасының дипломымен және демеушілердің ақшалай сыйлығымен марапатталды.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
29 қыркүйек 2018 ж. 1 158 0