№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АЗИАДА-2018: НЕ ҰТТЫҚ, НЕДЕН ҰТЫЛДЫҚ?

АЗИАДА-2018: НЕ ҰТТЫҚ, НЕДЕН ҰТЫЛДЫҚ?


Сонымен Сары құрлықтың кіл мықтысының басын қосқан спорт д­одасы мәресіне жетті. Индонезияда жалауы желбіреген XVIII Азия ойындарында Қазақстан 440 саңлағына үміт арқан еді. Бірақ, нәтижеге көңіл көншімейтіні ақиқат.
Неге дейсіз ғой?! 1994 жылы Жапонияның Хиросимасында өткен спорт бәсекесінде Қазақстан жалпы командалық есепте төртінші сатыға тұрақтады. Ал, Бангкокте өткен XIII Азиа ойындарында үздік бестіктен көрінді. 2002 жылы Оңтүстік Кореяда (Пусан), 2006 жылы Катарда (Доха), 2014 жылы, Оңтүстік Корея (Инчхон) жалауы желбіреген додада үздік төрт құраманың бірі атанды. Биыл алдымызға Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, Индонезия, Өзбекстан, Иран, Қытай Тайпейі, Үндістанды салып, тоғызыншы орынға тұрақтадық.
Енді ХVIII жазғы Азия ойындарда Қазақстанға алтын салған оғландарды сөз етсек. Ел қоржынына алғашқы алтынды семсерлесуші Дмитрий Алексанин салды. Бұл аталған спорт түрінен араға 16 жыл салып алған алтын. Велошабандоз Алексей Луценко жекелей жарыста да, топтық жарыста да әнұранды шырқады. Алина Әділханова да көркем гимнастикадан тұғырдың биігіне көтерілді. Олимпиада чемпионы Ольга Рыбаковаға тең келер ешкім болмады. Каратэші Гузалия Ғафурова, джитсерлер Руслан Исраилов пен Дархан Нартаев, самбо күресінен Ділдәш Күрішбаева мен Бағлан Ибрагим, дзюдодан Дидар Хамза, ескекші Инна Клинова алтын сыйлады. Жарыстың соңғы күні су добынан сынға түскен Қазақстан ерлер командасы үш мәрте Азияданы ұтып, қоржынға 15-ші алтынды салды.
Енді биылғы Азиадада қай спорт түрінен есе жібердік, біз осыны бағамдап көрсек. Ең бірінші, Олимпиадалық спорт түріне енетін спортқа тоқталсақ. Азия ойындары тарихында, қала берді Қазақстан тарихында 24 жылдың ішінде алғаш рет балуандар мен боксшылар елге алтынсыз оралды. Бұған дейінгі Азия ойындарында балуандарымыз кемі бір алтын алатын. Салыстырмалы түрде алсақ, өзбекстандық балуандар 2 алтын, 1 күміс, 3 қола жүлде еншілесе, қазақстандық балуандар 4 күміс және 6 қоланы қанағат тұтты. Осыдан төрт жыл бұрын жеті боксшымыз финалға шығып, оның алтауы алтын жүлде алса, биыл финалға шыққан екі боксшының бағын өзбек жігіттері байлады. Ал, Өзбекстан құрамасы бокстан бес алтын алғанын айту керек-ақ. 2014 жылғы Азия ойындарында өзбектер небәрі 2 күміс, 2 қола алған еді. Осыдан-ақ, көрші елде күрес пен бокстың дамуын бағамдауға болатындай.
Бізді 2020 жылы Токио Олимпиадасы күтіп тұр. Одан кейін 2022 жылы Қытайдың Ханчжоу қаласында Азиада ойындары өтеді. Сондықтан, «Спорттық державамыз» деп даурықпай, кемшіліктермен жұмыс жасау қажет. Онсыз медальдардан қағыла беретін түріміз бар.
Әзірге бізге Азиада ойындарындағы жүлде саны медеу бола алады. Қазақстан Азиада бойынша жалпы медалдар санынан үздік бестікте тұр...

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ.
08 қыркүйек 2018 ж. 783 0