№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ӨЗГЕ ЕЛДІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР

ӨЗГЕ ЕЛДІҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҢЛАҚТАР

Азия ойындарына өзге елдің атынан қатысып жатқан қандастарымыз 

Күні кеше Индонезия елінің астанасы Джакартада ХVIII жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. 

Күні кеше Индонезия елінің астанасы Джакартада ХVIII жазғы Азия ойындарының алауы жағылды. Бүгін бірнеше спорт түрлері бойынша жүлделер сарапқа салынуда. 

Сары құрлықтың басты додасына Қазақстан құрамасы сапында 440 спортшы аттанды. Оның ішінде 404 спортшы 25 олимпиадалық спорт түрінен бақ сынайды. 

Азия ойындарына өзге елдің атынан қатысып жатқан қаны қазақ қандастарымыз да бар. Атап айтар болсақ, бүгін боз кілемге шыққан балуандар арасында 65 кг-ға дейінгі салмақта Қытайдан келген қазақ балуаны Ерланбек Кәтейұлын көзіміз шалды. Бір қызығы, аспан асты елінен келген қандасымыз ширек финалда Саятбек Оқасовпен жолы түйісті. Қос қазақ балуанның текетіресінде Саятбек 9:5 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты. 

Ерланбек Кәтейұлы мен Саятбек Оқасов 

Еркін күрестен Ерланбек Кәтейұлы 4 жыл бұрын Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен Азия ойындарында қола медаль иеленген болатын. Сондай-ақ Қытай құрамасының қатарында 2016 жылы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысты. 

Қытай құрамасы сапында тағы бір қазақ балуаны бар. Ол – Уәлихан Серікұлы. Грек-рим күресінен 59 кг-ға дейінгі салмақта белдеседі. Аспан асты елінің ішкі біріншілігінде екі рет қола жүлдеге қол жеткізген. 

Тоқтарбек Таңатханұлы деген қандасымыз да Қытай елінің атынан Азия ойындарына келген. Мақсаты – 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарында топ жару екен. 75 кг-ға дейінгі салмақта жұдырықтасады. Шыңжаң өңірінде туып өскен. 1996 жылы дүниеге келген Тоқтарбек өз салмағында қытайдың ең мықты боксшысы саналады. 2013 жылдан бастап ел іші-сыртындағы ірі турнирлерге қатысып жүр. Бұл салмақта Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарына Әбілхан Аманқұл аттанды. Ол жарыстың ашылу салтанатын еліміздің туын көтеріп шықты. 

Өзбекстан құрамасында этникалық қазақ балуаны Елмұрат Тасмұратов қазақ жанкүйерлеріне жақсы таныс. Грек-рим күресінен Азияның 4 дүркін жеңімпазы. 

Елмұрат Өзбекстанның Бостандық ауданында дүниеге келген. Кішкентайынан күреспен шұғылданған ұлын ата-анасы ОҚО-дағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт интернатында оқытқан. Қазақстан құрамасына ілікпегеннен кейін Өзбекстанға қайта оралған. 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионатында да екі мәрте қола жүлде иеленген. 

Бұлбұл Мұрат 4-нөмірде 

Моңғолия қыздар баскетбол құрамасында Бұлбұл Мұрат есімді қазақ аруы бар. Ол Гонконгқа қарсы алғашқы ойында бір өзі командасына 37 ұпай сыйлады. 

Айта кетейік, XVIII жазғы Азия ойындары 2 қыркүйекке дейін жалғасады.
19 тамыз 2018 ж. 926 0