Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы жетінші алтынды қоржынға салды

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы жетінші алтынды қоржынға салды



         Көркем гимнастикадан Қазақстан қыздар құрамасы (Алина Әділханова, Адиля Тілекенова, Даяна Әбдірбекова) командалық сайыста Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды. Күміс жүлдені өзбек қыздары иеленсе, қоланы Оңтүстік Корея құрамасы місе тұтты. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен жетінші алтын медаль. Жалпы есепте 7 алтын 8 күміс 28 қола медальмен 10-орынға көтерілді. 6 алтын 12 күміс 13 қоласы Өзбекстан құрамасы бір орын төмен сырғыды. Айта кетейік, осыған дейін семсерлесуден Дмитрий Алексанин алтын алса, велоспорттан Алексей Луценко Джакартадағы Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанған болатын. 25 тамызда джиу-джитсудан Дархан Нортаев пен Руслан Исраилов Азия ойындарында топ жарды. Бүгін каратэден Гузалия Гафурова алтын жүлдеге ие болды.
Massaget.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 194 0