АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ: алтындар арнасы
Бірнеше күнге созылған дәстүрлі де айтулы сайысқа Азия құрлығының Жапония, Үндістан, Корея, Малайзия, Пәкістан, Иран, Ирак, Моңғолия, Өзбекстан, Тəжікстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Қазақстан және тағы басқа да мемлекеттерінің спортшылары күш сынасты. Осынау алпауыт елдер арасында жерлестеріміз топ жарып, командалық есепте Қазақстан Республикасы І орынды айқын басымдықпен иеленді. Одан кейінгі ІІ орынды Өзбекстан еншілесе, ІІІ орын Қырғызстан мемлекетіне бұйырды.
Азия елдерінің таңдайын қақтырған Қазақстан командасының негізгі құрамы болып табылатын Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданының балуандары 30 рет əнұранымызды шырқатып, көк туымызды биікте абыроймен желбіретті.
Бұл жарыста біздің құраманың жекелей алғанда жасөспірім спортшыларымыз (18 жасқа дейінгі) 8 алтын жеңіп алды. Жастарымыз (19 жас пен 21 жас аралығы) 5 алтын иеленді. Мүмкіндігі шектеулі спортшыларымыз 1 алтын, ардагер спортшыларымыз 2 алтын қанжыласа, ал, ересек спортшыларымыз 14 алтын еншіледі.
Жеңіс құтты болсын, жерлестер!