№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАРЫНЫҢ ДҮБІРІ

ӨЗБЕК АҒАЙЫНДАРЫНЫҢ ДҮБІРІ

Өзбекстанда ала шапанды ағайын ұлттық ойыны кураштан Әмір Темірді еске алуға арналған VII халықаралық турнирін бастады. Бұл турнирді қазақ балуандары жеңіспен ашты.
Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі додаға әлемнің 30 елінен 100-ден астам балуан келді. Байрақты бәсекеде қос бірдей жерлесіміз ел намысын қорғап жатыр.

Ерлер өзара 73, 81, 90 келі салмақта және түйе палуанды анықтайды. Ал қыздар екі салмақ дәрежесінде күреседі. Халықаралық турнирдің жүлде қоры 50 мың АҚШ долларын құрайды. Абсолюттік жеңімпаз Өзбекстан Президентінің жүлдесі 10 мың АҚШ долларына ие болады. Дүбірлі додада топ жарған спортшылар Индонезия астанасы Джакартада өтетін XVIII жазғы Азия ойындарына жолдама алады. Өйткені өзбектің курашы жазғы Азия ойындарының бағдарламасына ресми түрде енгізілді.
Сонымен, 73 келі салмақта бірінші болып кілемге шыққан жерлесіміз Сүйіндік Жұманов германиялық қарсыласын екі минутта тізе бүктірді.
22 сәуір 2018 ж. 1 340 0