Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 100

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» БОКСШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 20 КЕЛІ ЕТ АЛА КЕЛДІ

БОКСШЫЛАР АЗИЯ ОЙЫНДАРЫН 20 КЕЛІ ЕТ АЛА КЕЛДІ

18 тамыз күні Индонезия елінің астанасы Джакарта мен Паламбанг қалаларында жазғы Азия ойындары басталды. Қазақстандық спортшылар сары құрлықтың басты додасына толық жетті. Қазақстан бокс федерациясы хабарлағандай, Азия ойындарына қатысатын 7 боксшы мен жаттықтырушылар және дәрігерлер жарысқа аттанды. 
Команда 20 кг жылқы еті мен қажетті дәрі-дәрмектерді өздерімен бірге ала кетті. - Бара сала жаттығуға кіріспейміз. 17-не тынығып, 18-і жарыстың ашылу салтанатына қатысамыз. 19 тамыздан бастап жаттығуды бастаймыз. Өзімізбен бірге 20 кг жылқы етін алып барамыз. Жігіттер кімге қанша және қай уақытта жеу керектігін өздері шешеді, - деді ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов.
---
19 тамыз 2018 ж. 1 225 0