№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЕЛАМАН ТАЙЛАНДТА ТОП ЖАРДЫ

ЕЛАМАН ТАЙЛАНДТА ТОП ЖАРДЫ

22-27 шілде күндері Тайланд елінде муай-тай спортынан студенттер арасындағы әлем чемпионаты өтті. Атыраулық спортшылар 1 алтын және 1 қола медальге ие болды, деп xабарлайды ҚазАқпарат. 54 келі салмақта Қазақстанның ең титулды спортшысы, бүкіләлемдік ойындардың жеңімпазы Еламан Саясатов ел намысын қорғады. Ақтық сында спортшымыз Ресейлік Асланбек  есімді спортшыны 29:28 есебімен тізе бүктірді. "Ресейлік спортшымен болған финалдық кездесу оңайға түскен жоқ. Себебі қарсыласым танымал әрі тәжірибелі. Соңғы рет онымен Польша елінде айқасып, жеңіске жеткен болатынмын. Сол себепті ескі қарсыласымды алдын ала біліп шықтым. Мақсатым - қатысқан барлық жарыстарымда жеңіске жетіп, Қазақстанның атын шығару", - дейді Еламан. Айту кету керек, одан бөлек 63,5 келі салмақта Әбіл Галиев қола жүлдегер атанды. Ол іріктеу кезеңінде польшалық Сигерт Оскарды ұтты. Жартылай финалда Беларусь спортшысына есе жіберді.       
     
29 шілде 2018 ж. 625 0