Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Әлем чемпионатына ең көп жанкүйер қай елден келді?

Әлем чемпионатына ең көп жанкүйер қай елден келді?


Бүгін Ресей астанасында футболдан әлем чемпионаты басталады. Алғашқы болып Ресей мен Сауд Арабиясы жасыл алаңға шығады. ФИФА Ресейдің 11 қаласында өтетін ойындарға қазірдің өзінде 2 миллион 400 мың билет сатылғанын хабарлады. Ең көп жанкүйер АҚШ-тан келді, олардың саны 88 мыңға жуық. Сонымен қатар Ресейде жүрген футбол фанаттарының саны жағынан Бразилия, Колумбия, Германия, Мексика, Аргентина мен Қытай көш бастап тұр. Олар өткен түнде Мәскеу көшелерінде жалау ұстап, би билеп, ән айтып, нағыз футбол карнавалын ұйымдастырды.

Сарапшылар мен жанкүйерлер Бразилия құрамасының шоқтығы биік дегенді алға тартады. Қазіргі чемпион – Германияның да бас жүлдеден үміті зор. Франция мен Испания да мықтылар қатарында. Әзірше жанкүйерлер қала аралап, елдің тыныс тіршілігімен танысып жүр.

15 маусым 2018 ж. 961 0