Соңғы жаңалықтар

№34 (8948) 9

09 мамыр 2026 ж.

№33 (8947) 5

05 мамыр 2026 ж.

№32 (8946) 1

01 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Күміспен сүйіншіледі

Күміспен сүйіншіледі


Орал қаласында өткен волейболдан 2006-2007 жылы өмірге келген жасөспірім ұлдар арасындағы ҚР қысқы чемпионатында Сыр өңірінің құрамасы күміс жүлдемен оралды. Аймақ командасының негізгі ойыншылары жаңақорғандық жігіттер екенін айта кету керекпіз. Асанхан Бекболат, Асылбек Диас, Зәтбек Нұртілеу және чемпионаттың «Үздік ойыншы» аталымын алған Бексейіт Әділет біздің ауданның тумалары.


Шынын айту керек, біздің ауданда командалық спорт жақсы дамыды. Футбол, баскетбол, гандбол және волейболдан өңірде үздіктер шеруін бастап келеміз. Енді міне, аймақ волейболын өрге сүйрейтін жастар өсіп келеді. Бұл келешегіміздің жарқын екенін көрсетеді. Оларды ұлттық құрама сапында көрсек деген тілек бар бапкерлерінде.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
18 қаңтар 2025 ж. 830 0