Волейболдан да бәсіміз биік
Киелі Тараз өлкесінен тағы сүйінші жаңалық жетті. Жамбыл облысы, Мерке қаласында волейболдан 2005-2006 жылы туған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының көктемгі чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы да бағын сынады. Бұл жолы біздің жігіттерге бұйырғаны қола жүлде болды.
Дәстүрлі өтетін волейбол бәсекесінде биыл Сырдың намысын жаңақорғандық жігіттер қорғады. Яғни, облыс құрамасын басты ойыншыларын біздің ауданның жастары болды. Волейболдан облыс құрама командасында өнер көрсеткен спортшылар:
1. Балтабай Айбол - Байкенже ауылы
2. Зәтбек Нұртілеу - Өзгент ауылы
3. Әсілбек Диас - Жаңарық ауылы
4. Бексейітов Әділет - Жаңарық ауылы
5.Асанхан Бекболат - Қожакент ауылы
Жаттықтырушылары: Батырқожа Бабаев, Қайрат Алимбетов, Азамат Жұмаділлаев, Самат Сопбеков. Жеңіс құтты болсын, Сыр елі!