№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Сыр жасөспірімдері алқа тағынды

Сыр жасөспірімдері алқа тағынды


Сыр өңірінің волейбол спорты жыл басын табысты бастады. Орал қаласында өткен волейболдан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында Қызылорда облысының құрама командасы алтын тұғырдан көрінді. Сол секілді 2007-2008 жылы туылған балғын волейболшылар да ел чемпионатында жеңімпаз атанды. Қос команданың чемпион атануына жаңақорғандық волейболшылардың еңбегі зор. Сондықтан енді ғана үлкен спортқа қадам басып келе жатқан жасөспірімдердің жеңісі турасында әңгіме өрбітпекпіз.


2005-2006 жылы туылған волейболшылар қатарында Жаңақорғандағы №7 және № 8 спорт мектебінен Досымжан Әбілаш, Кенжебек Нұрхат, Балтабай Айбол, Құлмахан Низамиддин, Әбдірасіл Нұрхат, Әмзеев Жәңгір сынды жастар өнер көрсетті.
– Шынын айтсақ біздің волейболшылар облыста үнемі жүлделілер қатарында жүреді. Былтыр Әмір Рысбековты еске алуға арналған турнир, одан бөлек облыстық біріншілік болсын чемпиондық тұғырдан таймады. Соның нәтижесінде аймақ құрамасының сапына 6 бірдей спортшы енді. Жалпы құрамада 12 ойыншы болса соның жартысы жаңақорғандықтар. Осының өзі біздің келешегімізді айқындайды, – деді аға бапкер Батырқожа Бабаев.
Жалпы аудан құрамасы Сыр өңірінде керемет нәтиже көрсетіп келеді. Мұны сыры неде?
– Жалпы барлық спортшының табысты өнер көрсетуі бірінші оның ынта-жігерінде, тума талантында. Екінші еңбекқорлығында, үшіншіден жаттықтырушысына байланысты. Біздің жеңісті жолымызда шәкірттерді ең алдымен психологиялық дайындығын, яғни әр баланың жеңіске деген жігерін шыңдаймыз. Оған мотивация беріп, тәртібін түзейміз. Содан кейін физикалық дайындығына көп жұмыс жасаймыз. Суворов айтпақшы «дайындық қаншалықты ауыр болса, ойын соншалықты жеңіл болады» демекші, бізде жаттығуда көп жұмыс жасауға тырысамыз. Бары осы, – деді білікті бапкер.
Батырқожа бапкерден бөлек, еңбегі сіңіп жүрген жаттықтырушылар қатарында Ғазиз Құламетов, Самат Сопбеков, Азамат Өтеев пен Қайрат Алимбетовті ерекше атауға болады. Сондай-ақ, Талғат Абуов, Ғалымжан Бауыржанұлы мен Олжас Абайұлын да атауға болады. Соңғы жылдары Жаңарық ауылының жастары волейболдан аудандық, облыстық турнирлерде тұғырдан түспей жүр. Ал Байкенже ауылында бұл спорттың мектебінің қалыптасқанына біраз жыл өтті. Міне аядай ғана ауылдан шыққан волейболшылардың осы бағыты ауданның абыройын асырып келеді. Осылай қалыптаса берсе көкпаршылар секілді біздің жігіттер де облыс командасының негізін құрайтын болады.
Ал Нұр-Сұлтан қаласында өткен 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында облыс құрамасының сапында төрт жаңақорғандық спортшы өнер көрсетті. Ғазиз Ізетұлы, Нұрсерік Тұрсынбай, Мейрамбек Нұрғали мен бар.
– Енді Талдықорған қаласында өтетін көктемгі чемпионатқа дайындықты бастаймыз. Одан кейін жаздық біріншілік бар. Оның алдында, яғни сәуір айында өзіміздің дәстүрлі турниріміз бар. Содан іріктелген спортшылар облыс намысын қорғайтын болады. Жалпы алғанда аудан волейбол спорты жыл өткен сайын дамудың жолы түсіп, аймақтағы үздіктер қатарына енді. Ендігі мақсат осы тұғырдан түспеуіміз керек, – деді бапкер.
Айта кетейік, былтыр да Сыр жасөспірімдері күзгі чемпионатта алтыннан алқа тағынды. Осы дәстүрлі жолдан таймау үшін еңбек етіп жүрген бапкерлер мен спортшылардан әлі де үлкен үміт күтеміз.

Әлібек ТЕМІРБЕК
28 қаңтар 2020 ж. 696 0