Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Күміс бұйырды

Күміс бұйырды


Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында гір спортынан ерлер арасындағы Әлем чемпионатынынан сүйінші хабар жетті. Жаңақорғандық Айтмағанбет Асанбеков әлемдік бәсекеде күмістен алқа тағынып, ел абыройын асырып қайтты.


18 мемлекеттен барған 500-ден аса спортшы жүлде жолында барын салды. Біздің елден де бұл сынға білекті оғландар барды. Жас ерекшеліктеріне байланысты бақ сынаған спортшылар әлемнің үздіктерін анықтады. 45-49 жас ерекшелігі бойынша 85 келіде өнер көрсеткен Айтмағанбет ағамыз тұғырдың биігінен көрінді.
Жалпы гір тасын көтеру мен қол күрестен Жаңақорған ауданы жыл сайын керемет нәтиже көрсетіп келеді. Шыңғыс Азнабаев баптайтын спортшылар талай бәсекеде байрақты көкте желбіретті. Әсіресе, қол күрес шеберлері өзіндік мектеп қалыптастырып үлгерді. Тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында да Азия чемпионатында атой салып жүрген жерлестеріміз жетерлік. Міне, солардың алдыңғы аға буыны болып, бүгінде күллі қазақ елінің еңсесін көтеріп келген чемпионға қандай құрмет көрсетсек те жарасады.

Әли ТЕМІРБЕК
14 қыркүйек 2024 ж. 1 878 0