№20 (8834) 18

18 наурыз 2025 ж.

№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР

ЖАС ШАХМАТШЫЛАР ЖАРАП ТҰР


Қызылордада Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан Қазақстан Республикасы кубогының I кезеңі аяқталды. Жарысқа Қырғызстан елінен және еліміздің өңірлерінен 320 шахматшы қатысты. 

7 күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы үшінші орынды иеленді. Жекелей сайысқа келетін болсақ, блиц бойынша 14 жасқа дейінгі қыздар арасында Назерке Нұрғали, ұлдар арасында Мейіржан Бармағанбетов үздік деп танылса, Әсел Серікбай қола жүлдені еншіледі. 
8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Али Кәусардың мерейі үстем болды. «Ең жас шахматшы» номинациясымен 5 жасар Айжұлдыз Қанатқызы мен Данияр Зұлхарнаев марапатталды. 
Сондай-ақ, Қазақстан кубогы аясында ересектер арасында «Қызылорда Опен» рейтингілік турнир өткізілді. Турнирде «Үздік шахматшы» номинациясына әйелдер арасында Сақыпжамал Бармағанбетова, ұлдар арасында Әділет Ерсерік, ардагерлер арасында Юрий Егай ие болды.
Жеңімпаз, жүлдегерлерге және номинация иегерлеріне медаль, диплом, кубок және ақшалай сертификаттар берілді. 
29 мамыр 2018 ж. 1 186 0