Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Аянат Әлем чемпионы!

Аянат Әлем чемпионы!


Сүйінші! Оңтүстік Америка құрылығы, Перу елінде өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында Аянат Жұмағали алтын тұғырдан көрінді.73 келіде сынға түскен Аянат серпе көтеруден 97 келіні бағындырса, жұлқа көтеруден 125 келіні көтерді. Қос сайыс бойынша 222 келіні еңсерген жерлесіміз алтыннан алқа тағынып, жаһан жұрты алдында әнұранымызды шырқатты.
Бұған дейін ел және Азия чемпионаттарында тұғырдың ең бигінінен көрінген Аянат енді әлем алдында да мықты екенін дәлелдеді. Жаңақорғанның №7 спорт мектебінің тәлімгері, Берік Өтешовтың төл шәкірті Аянат Жомартқызының болашағынан үлкен үміт күтеміз.
Сыр елінің ғана емес, қазақтың мақтанышына айналған Аянаттың жеңісі құтты болсын, қазақ елі!
26 мамыр 2024 ж. 537 0