Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аянат алтын тұғырда

Аянат алтын тұғырда

Қостанай қаласында өткен ауыр атлетикадан әйелдер және ересектер арасындағы ҚР чемпионатынан сүйінші жаңалық жетті. Жаңақорғанның жас атлетшісі Аянат Жұмағали алтыннан алқа тағынып, Сыр елінің мерейін өсірді. Бұл аудан спорты тарихындағы ауыр атлетикадан қыздар арасындағы алғашқы алтын.

Былтыр Талдықорған қаласында өткен 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатында Аянатқа тең келер қарсылас табылмаған еді. Елдің жас зілтеміршілері бақ сынаған ҚРчемпионатында Сыр елінің қоржынына жалғыз алтынды 71 келіде өнер көрсеткен жаңақорғандық ару алып келген еді. Одан кейін Албанияда өткен Әлем чемпионатына қатысып, үздік бестікке енген болатын. Бұл керемет нәтиже, енді ересектер көшіне ілесіп, бағын сынауға жорыққа шыққан аруымыздың алғашқы қадамы сәтті болды.
№7 спорт мектебінің спортшысы, 76 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аянаттың бұл ересектер арасындағы алғашқы бәсекесі. Берік Өтешовтің төл шәкірті Аянаттың арманы Әлем және Олимпиада чемпионы болу. 18 жастағы чемпионның бұл үлкен спорттағы алғашқы биік баспалдағы. Бұйыртса Аянат әлемдік сахнада елдің әнұранын шырқатып, көк туымызды көкте желбіретеді деген үміттеміз.
– Алғашында Аянатты басқа спорт түріне беруге тырыстық. Бірақ өзінің қалауы ауыр атлетика болды. Осы­лай ұстазы Беріктен спорттың әліппе­сін үйренуді бастады. Аллаға шүкір, қызымыз ауданның абыройын асырып, мерейімізді үстем етіп келеді. Алматы қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт мектеп интернатынан шақырту алып, сонда білім алуда. Бұйырса, 2028 жылғы Олимпиада ойындарында көріп қалам ба деген арман бар. Ең бастысы, спорттық мансабын биіктете беруі тиіс. Құрмет көрсетіп жатқан жандарға мың алғыс айтамын, – деді әкесі Жомарт.
Жалпы, Жаңақорғанда бұл спорт түрі соңғы бес жыл ішінде еңсе көтеріп, жас спортшыларды шыңдап үлгерді. Әсіресе, бұрымдылардың қатары артып, қызығушылығы оянып келеді. Солардың көшінде жүрген Аянаттың бүгінгі жетістігі аудан үшін үлкен абырой болды. Оның ізінен ерген Беріктің шәкірттері облыста озық жүр. Аймақ чемпионаттарында олжалы оралып келеді. Чемпион қызға құрмет көрсете келген өзі оқыған №169 Н.Илялетдинов атындағы мектеп оқушылары мен ұстаздары да қуанышын бөлісіп жатты. Ал, әкесі қызының ертеңіне елдің үміт артып отырғанын біледі. Сондықтан қызына бағыт-бағдар беріп, осы сенім үдесінен шығуға батасын беріп келеді.
– Қазақстан біріншілігі Аянаттың спорттық мансабындағы екінші биік белес. Бұл жолы оның үздік екенін барлығы мойындады. Енді жаз айында спартакиадаға қатысып, артында Индияда өтетін Азия чемпионатына барамыз. Алла сәтін салса, әлемдік ареналарда атой салып, Олимп шыңын бағындыруға барымызды салатын боламыз, – деді бапкері Берік Өтешов.
Иә, 4 жылдан соң Аянат Олимп шыңының алтынын елге алып келеді деп сенеміз. Ол уақыттың көшінде, бәрінен бұрын ауданның ауыр атлетика спортының өсіп келе жатқаны көңіл қуантады.

Әли ТЕМІРБЕК

27 ақпан 2024 ж. 854 0