№52 (8866) 15

15 шілде 2025 ж.

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Чемпион қыз елге оралды

Чемпион қыз елге оралды

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы, жерлесіміз Аянат Жұмағали туған өлкеге оралды. Байрақты бәсекелерде ел намысын абыройлы қорғап жүрген қызымызды жерлестері, аудан спортының аға буыны, #169 орта мектеп оқушылары мен ұстаздары арнайы пойыздан күтіп алды.

Аянат Талдықорған қаласында, ауыр атлетикадан жеке жаттығулар бойынша 17 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының жеке-командалық сында мықтылығын көрсетті.
Жұлқа көтеруде 85 келіні бағындырса, серпе көтеруде 106 келіні көтеріп, қоссайыстың нәтижесімен 191 кг еңсеріп, жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы Өтешов Берік.
Аянат Албаниядағы Әлем чемпионатында да бақ сынап, еңсемізді көтерді. Бапкерінің айтуынша жазда Қазақстан спартакидасы мен Индияда өтетін Азия чемпионатында өнер көрсетеді.
Тағы да жеңіс құтты болсын жаңақорғандықтар!
13 сәуір 2023 ж. 444 0