Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алаштың Амангелдісі

Алаштың Амангелдісі


«Жеңісті күндерде жүздескенше!»
Күллі қазақ көрермендерінің сүйікті спорт комментаторы Амангелді Сейітханов тікелей хабарды осылай түйіндейтін. Иә, көгілдір экранның арғы жағындағы әлеуметке жігер беріп, тек жеңісті күндерге үміт жалғайтын Алаштың ардақты ұлы, талантты журналист, жорға ақын Амангелді Мәлітханұлы тірі болғанда биыл 55 жасқа толар еді. Өмірден ерте озған спорт сайыпқыраны осыдан үш жыл бұрын кенеттен мәңгілік мекеніне аттанып, барша қалам иелерінің қабырғасын қайыстырып кетті. Жыл сайын әріптес аға атында шағын футболдан турнир өткізіліп келеді. Биыл да республикалық турнир жалғасын тапты.


Алматыда «Хабар» Агенттігінің ұйымдасты­руымен өткен доп додасында елдің әр өңірінен келген журналистер қауымы бақ сынасты. Дәстүрлі турнирге Сыр елінің үмітін арқалап «Ақмешіт» командасы да аттанды. Былтыр чемпион атанып, аймақ абыройын асырған қызылордалықтар биыл сол чемпиондықты қорғап қалуға тырысты...
Спорттағы жеңісті күндердің эфирдегі жаршысы болған Амангелді Сейітханов атындағы турнир жалауын желбіреткендер шаршы алаңда «Алаштың Амангелдісі» аталатын әнді шырқады. Ән дәстүрлі турнирдің бейресми әнұранына айналғандай. Қатысушылар Амангелді Сейтханов­ты бір минут үнсіздікпен еске алды. Марқұмның ағалары, әріптес достары мен ізбасарлары Амангелді Сейтхановтың тапқыр, ұранға айналған ұшқыр теңеулерін тірілтіп, жылы естеліктерімен бөлісті. «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев:
– Бұл жарыс дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. 2022 жылы «Хабар» агенттігі қолдауымен қанаттанған жоба жыл сайын жалғасуда. Ағаның өмір жолы, «Хабарда» таңбасы қалған тәжірибелері ұмытылмасын деп, осы турнирді ұйымдастырып келеміз. Ала доп бәсекесі жалғасын тауып, жастарды жігерлендірсе игі, – деп ізгі тілегін жеткізді.
Амангелді аға өзі де ала допты жанындай жақсы көрді. Команда құрып, футбол ойнады. Ұзақ жыл­дар «Хабар» арнасында қызмет ет­кен әріптесіміз, спорт жаңалықта­ры­ның шолушысы, комментатор ре­тінде бес олимпиада ойындарына қатысып, хабар таратты. Тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан қазақ тілінде тікелей эфир жүргізіп, спорт журналистикасының дамуы­на зор үлес қосты. Спорт саласы­ның ардагерлері, әріптес аға буын, жалпы иісі қазақтың спорт және журналистика саласына жақын азаматтарының барлығына ыстық ықыластарын білдірді. Ал Прези­денттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің арнайы құттықтау тілегін орынбасары Ержан Байтілес жеткізді.
– Ағаларыма ризамын, марқұмның есімін жоқтатпай, осындай арда туған азаматтарды бағалап, қазіргі өскелең жас ұрпаққа насихаттауда керемет бағдар бұл меніңше. Соған қатты ризамын. Рақмет сіздерге! Жеңісті күндеріміз көп болсын!, – деп ұлы Бекасыл да аға буынға алғысын айтты.
Амангелді Мәулітханұлының екін­ші отба­сын­дай болған ұжымы «Ха­бар» Агенттігінің» ұйымдастыруы­мен өткен турнирге Талдықорғаннан «Қаракет» командасы, Қызылорданың «Ақмешіті», Тараздан «Тараз пресс», Астанадан «Қазмедиа» командалары мен «Хабар агенттігінің» ала доп шеберлері, Атырау мен Түркістан командалары қатысты. Жарыс қо­рытындысы бойынша «Қазмедиа» құрама командасы топ жарды.
– Бұрын Сейдахмет Бердіқұлов­тың турнирін күтетінбіз, енді көктем шыққанда футбол маусымы осы Амангелді ағамыздың турнирімен басталып жатыр. Жұрт көктемді күтсе біз осы турнирді күтеміз. Ұйымдастырылуы өте жоғары дең­гейде, былтыр «Ақмешітке» ақтық сында есе жіберген едік, биыл чемпион болдық, – деді «Қазмедиа» құрама командасының ойыншысы Дәурен Берікқажыұлы.
Екінші және үшінші жүлделі орындарды «Спорт плюс» құрама командасы мен атыраулық футболшы әріптестеріміз иеленді. Бердіқұ­лов пен Сейітқанов турнирінің экс-чем­пиондары сырбойылық тілші­лер енді маусым айында Қызылор­дада өте­тін турнирге дайындалады. Сәттілік тілейміз.
Міне, қоғамдағы тілшілер қау­ы­мына деген құрметтің көрінісі Амангелді ағаның турнирінен көрін­ді. Мәселе құрметте ғана емес, журналистердің мәртебесін көтеру, олардың билік пен халық арасындағы алтын көпір тіршілігіне тіреу болу. Сыр журналистері, жеңісті күндерде жүзедесе берейік!.

Әли ТЕМІРБЕК
14 мамыр 2024 ж. 404 0