Қала әкімінің қомақты жүлдесі
Өткен сенбіде «Еуразия» спорт кешенінде Қызылорда қаласы әкімінің жүлдесі үшін журналистер арасында шағын футболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.syrboyi.kz
Жарысқа Астана, Шымкент, Қызылорда қалалары, Атырау, Түркістан облыстарынан барлығы 8 команда қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Асылбек Шәменов журналистерді 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні мерекесімен құттықтады. Өткен жылы бастау алған турнир биыл да жалғасын тапты. Қала басшысы облыс орталығында спорт саласында атқарылып жатқан іс-шаралар барысымен таныстырып, сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен биыл екінші мәрте байрағын көтерген бұл турнирдің мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік және достық қарым-қатынасты нығайту.
Топтық кезеңнен сүрінбей өткен «Қазмедиа», «Qaz365.kz» және «Атырау», «Шымкент» командалары жартылай финалға шықты. Олардың арасынан бас жүлдені сарапқа салған «Қазмедиа» «Qaz365.kz» командасын жеңіп, республикалық турнирдің чемпионы атанып, 1 000 000 теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Екінші орын алған «Qaz365.kz» 700 мың, қола жүлдегер атанған «Атырау» 350 мың теңгеге қол жеткізді.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясымен 6 гол салған атыраулық Қайсар Жетпісбай марапатталса, «Қоғам ТВ» командасының ойыншысы Ержан Батыршаев «Үздік шабуылшы» деп танылды.
Ал «Шымкент» командасының ойыншысы Айбек Қабылша «Үздік қақпашы» атанса, түркістандық Самат Сүлей «Үздік қорғаушы» болды.