» » «Мерген Ару-2024» аймақтық сайысы

«Мерген Ару-2024» аймақтық сайысы


Облыстық білім басқармасы Тәрбие, спорт және қосымша білім беру орталығының және аудандық білім бөлімінің жылдық жоспарларына сәйкес, мектеп оқушы қыздар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «МЕРГЕН АРУ-2024» әскери-патриоттық аймақтық сайысы 2024 жылы 15 ақпан күні №256 орта мектеп базасында өткізілді.
АҚҚОРҒАН аймағы сайысына:
№184 мектеп, №192 мектеп, №209 мектеп, №256 мектеп командалары қатысты.
№256 мектеп директоры міндетін атқарушы Е. Абуталипов, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Мамырова, Бас төреші №256 мектеп Ш. Үсенов салтанатты жиынды ашып, сайысқа қатысушы мектеп командаларына сәттілік тіледі.
№192 мектеп А. Егембердиев сайыстың ережесін таныстырып шықты.
Сайыс бағдарламасы бойынша:
1.Пневматикалық винтов. нысана ату сайысы
2.Пневмат. винтов. жылдамдыққа нысана ату
3.АК-74 М оқу қаруын жартылай бөлш/жин
4.АК-74 М оқу оқжатарын патронд. жарақтау
5.Жалпы әскери қорғаныш жиынтығын кию
6.Алғашқы дәрігерлік көмек
7.Шалқалап жатып денені көтеру /пресс/ сайыстары бойынша оқушылар сынға түсіп,
бақтарын сынады.
Сайыс барысында:
Ту енгізіліп, мемлекеттік гимн дыбыс күшейткіш арқылы орындалды.
Сайысқа қажетті нысана, басқада керек жарақ заттармен қамтамасыз етілді.
Барлық қауіпсіздік шаралары, ережелері ескеріліп орындалды.
Мектеп оқушы қыздар арасында әскери қолданбалы спорт түрлерінен «МЕРГЕН АРУ-2024» әскери-патриоттық аймақтық сайысы қатысушы командалар төмендегідей көрсеткіш көрсетті:
АҚҚОРҒАН АЙМАҒЫ:
Бас жүлде № 192 орта мектеп
І – орын № 184 орта мектеп
ІІ – орын № 209 орта мектеп
ІІІ – орын № 256 орта мектеп
Сайыстың қорытынды бөлімінде орын алған жеңімпаз командалар мен үздік нәтиже көрсеткен оқушыларға арнайы дипломдармен марапатталды.
Аймақтық сайыстың жоғары дәрежеде өткізілуіне атсалысып, керек құрал жабдықтармен қамтамасыз еткен №256 мектеп ұжымына және АӘТД пәні о/ұ Үсенов Шәкірқожа ағайға аймақтың атынан алғысымызды білдіреміз

Бірлестік жетекші: А. Егембердиев
18 ақпан 2024 ж. 190 0