Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «GGG-Канело» трилогиясының жеңімпазы анықталды

«GGG-Канело» трилогиясының жеңімпазы анықталды


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (57-2-2, 39 КО) үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды
 Egemen.kz.

Головкин мен «Канело» үшінші рет Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да кездесті. Жекпе-жек он екі раундқа есептелген. Сарапқа супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы салынды.

Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Альварестің жеңісімен аяқталды.


Осылайша Сауль «Канело» Альварес кәсіби мансабында 58-ші жеңіске жетіп, 168 фунтта әлемнің абсолютті чемпионы атағын қорғады, ал Геннадий Головкин екінші рет жеңіліс тапты.


Еске сала кетсек, Головкин мен «Канелоның» алғашқы жекпе-жегі 2017 жылы тең нәтижемен аяқталған еді, ал 2018 жылы төрешілер жеңісті көпшілік дауыспен мексикалыққа берген болатын.
18 қыркүйек 2022 ж. 1 235 0