Құрылтай

№58 (8972) 4

04 тамыз 2026 ж.

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Де ла Хойя GGG – "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады

Де ла Хойя GGG – "Канело" үшінші жекпе-жегінің мерзімін ресми жариялады

Алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жеткен болатын
Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (52-1-2, 35 КО) промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жек қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды
sputniknews.kz.

"Головкин келесі жылы біздің қарсыластарымыздың бірі болады. Ол солай болуы керек! Адамдар оны көргісі келетіні анық. Әлем бұл жекпе-жекті қалайды және Головкин де бұған лайық", - деді Де ла Хойя.
Үшінші жекпе-жекке букмекерлік кеңселердің бірі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Альварестің жеңісі — 1.7, Головкиннің жеңісі — 2.15, тең нәтиже — 25.
Еске сала кетейік, алғашқы жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канело" жеңіске жетті.

16 қыркүйек 2019 ж. 796 0