№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Головкин мен "Канело" үшінші жекпе-жекті өткізуге келісті

Головкин мен "Канело" үшінші жекпе-жекті өткізуге келісті


Бокстан орта салмақта IBF және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин мен WBA мен WBC чемпиондық белбеулерінің иегері Сауль Альварес үшінші жекпе-жекті өткізуге келісті. Бұл туралы The Athletic басылымының инсайдері Майк Коппинджер хабарлады.

Оның айтуынша, боксшылар бірнеше ай бұрын үшінші жекпе-жек өткізуге келісіп қойған. Головкин – "Канело" ІІІ айқасы келер жылдың мамыр айына жоспарланған.
Үшінші жекпе-жекте "Канело" 45 миллион доллар сыйақы алады екен, ал Головкинің сыйақысы – 30 миллион долларды құрайды.
Биыл қос боксшы бір ғана жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Күзде GGG поляк боксшысы Камила Шереметаға қарсы чемпиондық белбеуін қорғайды. Жекпе-жек қазан не қараша айында АҚШ-та өтеді деп күтілуде. Ал Сауль Альварес 12 қыркүйек күні екінші орта салмақта WBA супер чемпионы Каллум Смитпен жұдырықтасады.
Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы алғашқы екі жекпе-жек те Лас-Вегаста өтті. 2017 жылы өткен бірінші кездесуде боксшылар тең тарқасса, екінші айқаста "Канело" төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

А.Рысдаулет
massaget.kz
24 шілде 2020 ж. 716 0