№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ БАР МА?

ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ТОСҚАУЫЛ БАР МА?

     Бұл сұраққа ҚР Ішкі істер министрлігі есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау жөніндегі департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция полковнигі Бахытжан Әмірханов және М.Есболатов атындағы Алматы академиясының «Жедел іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасы» бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әділ Төлмағамбетов көшпелі семинар барысында жауап берді.
     Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында Сыр өңірінде кәнігі кәсіп түріне айналып бара жатқан үнді қара сорасының жолын қалай кесуге болатыны сөз болды. Алдымен, сөз алған Қайрат Әбенұлы Қызылорда облысы бойынша табылған егін алқаптарындағы қара сораны слайд арқылы көрсетті. 
     – Жалпы, Сыр өңірі бұл өсімдік үшін өте қолайлы аймақ. Сондықтан, өзге өңірлерден келген тұрғындар осы бизнеске бет бұрады, – деген сала маманы әсіресе ауыл тұрғындарын абай болуға шақырды. Егер аталған өсімдікпен ұсталған қылмыскер екі түрлі Заң бойынша тиісті жазасын алады. Біріншіден, бір жылдан екі жылға дейін сотталады немесе екі мың айлық есебінде айыппұл салынады. Ал, екінші рет қайталантын болса онда үш жылдан сегіз, мүмкін одан да көп жыл темір торға қамалатынын ескертті. 
     Шыны керек, есірткі келешек буынның болашағына балта шабатын індет екенін білеміз. Бұл жағдаймен қоғам болып күресуіміз керек деген құзырлы орган қызметкерлері заңсыз әрекеттерді байқаған жағдайда хабар беруді сұрады.
28 сәуір 2018 ж. 900 0