№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашағы зор палуан

Болашағы зор палуан


Тәуелсіздік алған жылдардан бері қазақ спорты өз деңгейінде қарыштап даму үстінде. Әлемдік ареналардан ойып орын алған саңлақтарымыз жетерлік. Қазақ спортының жарқын көрінісі саналатын төл ұлттық спортымыз – қазақ күресімен айналысатындар қатары көбейгені байқалады. Соның ішінде спортшыларымыз еркін күрестен толағай табыстарға жетіп үлгерді. Былғары қолғап шеберлерін дайындайтын республика көлемінде спорт мектептері баршылық. Жергілікті аймақтардан да бокс үйірмелері жұмыс жасауда. Мәселен, Бірлік ауылындағы №55 С.Қожанов атындағы орта мектептің еркін күрес үйірмесінен қаншама жас өрен ауданымыздың абыройын асқақтатып жүр. Солардың ішінде он жастағы спортшы Абдул-Азиз Жомарт небәрі 6 жасынан боз кілемде өнер көрсетіп келеді.


Жыл сайын жаңа есімдер қазақ кү­ресінің күретамыры ауыл мектептерінен бастау алады. Біздің өңіріміз қазақ күресінен зор табыстарға жеткен аймақтар қатарында. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, кәсіби мамандар шоғыры қалыптасқан. Ауыл балаларының қазақ күресімен айналысып, зор жетістікке жетуіне аудан спортында сенімді көзқарас бар. Осы ретте аудандағы қазақша күрес үйірмесінің қарқынды жұмыстары көпшілік қауымға мәлім. Аталмыш бокс үйірмесінің спорт­шылары республикалық деңгейдегі жарыстарда топ жарып жүргендігін де айта кеткен орынды. Жаттықтырушы Дастан Молдақұлов жас спортшы өреннің болашағынан зор үміт күтетіндігін жеткізді.
– Шәкіртім Абдул-Азиз аз ғана уақыт ішінде аталған спорт түрінен өзінің белсенділігін, спортқа деген ерекше ынта-ықыласын байқатты. Үздіксіз жаттығудың арқасында шынығып, нәтижеге жұмыс жасап келеміз. Қандай деңгейдегі жарыс болмасын, балаларды қатыстыруға тырысамын. Өйткені, кез келген жарыс арқылы жастардың қарым-қабілетін байқаймыз. Олардың бойындағы кемшілікті байқап, онымен жұмыс жасаймыз, – дейді бапкері.
Кейіпкеріміз жақында Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай өткен Еркін күресінен 2011-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында аудандық ашық біріншілігінде 52 кг салмақта ІІ орынды қанжығасына байлады. Алты жасынан еркін күреспен айналысқан палуанның жетістіктері аз емес. Алдағы уақытта жарыстарда жоғары нәтиже көрсетіп жеңімпаздар тұғырынан көріну басты талабы. Нағыз таланттар ауылдан шығады демекші, келешек түйе палуандар қатарынан көрінуге ниетті.
– Абдул-Азиз, болашаққа қандай жоспарың бар?
– Алла бұйыртса, менің жеңісті күндерім алда деп есептеймін. Ол үшін өте көп еңбек, тынымсыз жаттығулар мен тыңғылықты дайындық қажет. Бапкерімнің әрбір айтқан кеңесін ой елегінен өткізіп, ғаламтор беттерінен спорттағы жеңімпаз ағаларымның өмір жолдарын, жарыстағы іс-әрекеттерін үнемі қарап отырамын. Ол маған үлкен күш-қуат береді.
– Спорттың сан алуан түрі бар. Неге еркін күресті таңдадың?
– Негізі спорттың барлық түрімен айналысқым келеді. Дегенмен, жан дүнием осы еркін күресті қалап тұрды. Алғаш басыма шлем, үстіме арнайы кастюм кигенде-ақ спортты менің болашағым деп түсіндім.

Түйін. Көзінде оты бар, талантты, талабы таудай жастың қатарға қосылуына тілектестік білдірдік. Спортшының көзін­дегі жалынға қарап, талабы таудай жеткіншектің жеңіс тұғырынан көрінуіне сәттілік тіледік. Лайым, ата-ана үмітін, ұстаздар сенімін ақтайтын жалынды жастар көп болғай.

Әсел РЗАЕВА
16 ақпан 2022 ж. 785 0