КАКАКУ КЕТТІ. НЕ ҮШІН?
Ұлттық құрама мен "Қайраттың" бас бапкері бразилиялық маман Каку не үшін кетіп бара жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды ы Vesti.kzпорталы.
"Менің мұнда жүргеніме 11 жыл болды. Шаршадым. Маған басқа құрамадан немесе командадан ұсыныс түскен жоқ. Әзірше екі немесе үш жылға кеткім келеді. "Қайратқа" және құрамаға жаңа бапкер керек деп ойлаймын. Мен өзімнің максимумымды көрсеттім. Ойыншыларға және маған көмектескен барлық адамдарға алғысымды айтқым келеді. Біздің капитанымыз Дінмұхамед Сүлейменовке алғыс айтқым келеді. Оның капитан болғанына бес жыл болып. Қақпашым Игитаға алғыс. Біздің құрамаға сенемін. Барлық ойыншыларға рақмет. Барлығы да Қазақстанның қаһармандары.
Instagram немесе Facebook парақшаларыма "Какау - жарайсың", "Какау, кетпе", "Какау - біздің батыр", "Какау - the best", - деп жазған кезде маған да қиын. Маған бұлай көп жазды. Мен ақша үшін немесе басқа жұмыс үшін кетіп жатқан жоқпын. Менің ойымша, Қазақстанға мықты бапкер керек. Басқа менталитетті, басқа мәдениетті, басқа тактика ұстанатын. Бұл Қазақстан үшін жақсы", - деді білікті бапкер.