Олимпиада сабағы: сарапшылар не дейді?
Қазір қоғам ел намысын қорғаған спортшылардың Олимпиада ойынындағы сәтсіз өнерін талқылап, өздерінше пайымдауда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев:
– Токиода өткен Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 93 спортшы қатысты. Жеңіске жету жолында бар күш-жігері мен шеберлігін көрсеткен атлеттерге алғысымды білдіремін. Олимпиаданың қола жүлдегерлерін құттықтаймын. Бұл ұзақ уақыт бойы жүргізген табанды жаттығулардың жақсы нәтижесі.
Алайда, 8 қола медаль алып, жалпы командалық есепте 83-орынға табан тіреген Ұлттық құраманың бұл көрсеткіші Қазақстанның спорттағы әлеуетіне және мемлекет тарапынан спортты дамытуға бөлініп отырған мол қаражатқа сәйкес келмейді.
Ұлттық құраманың Олимпиададағы көрсеткіші спорт секілді аса маңызды салада шұғыл әрі тиімді реформалар жүргізу қажет екенін көрсетті. Бұқаралық және балалар спортын дамытуға көңіл бөліп, сол арқылы әлемдік аренада үлкен табыстарға қол жеткізуге ұмтылу қажет.
Токио Олимпиадасынан сабақ алып, Парижде өтетін келесі ойындарда халық үмітін ақтайтындай нәтижеге қол жеткізу керек», − деп олимпиадалық командаға өз бағасын берді.
Мемлекет басшысының сөзіне алып-қосарымыз жоқ.
Төл газеттің №63 (8464) нөмірінде «Тоkyо-2020: не көрдік, не түйдік?» атты мақалада Олимпиада ойынында көңілге түйгенді жазып, спортшылардың сәтсіз өнері жайлы өзімізше байлам жасадық. Бұл жолы спорт мамандарының пікірін біліп, сәтсіздіктің себеп-салдарын саралауды жөн көрдік.
Жоғары айтқандай, ел-жұрт отандық спортшылардың Олимпиада ойынындағы сүрлеусіз өнерін әрқалай топшылайды. Бірі карантиндік жағдайға байланысты спортшылар дұрыс дайындала алмай, спорттық формаға өз деңгейінде келмеді дегенді алға тартса, екіншілері, жемқорлық спорт саласына дендеп еніп, қатты асқынғанын дәлел етуде. Спорт пен ғылым егіз болмай, жетістікке жету қиын және ауыл спортына мән берді маңызды санайтындар көп.
Мамандар бұл турасында не дейді екен?
Алдымен ауданда бокс өнерінің қалыптасып, дамуына еңбек сіңірген Құрбаш Сарқұловты сөзге тарттық.
– Бокстан нәтиже төмен болды. Біз екі қолаға қанағаттанбаймыз.
Оны мойындау керек.
Боксшылар рингке беттеп келе жатқанда көздерінен от көрмедік. Мұны жігерсіздік деп қабылдамау керек. Олардың бойында шаршаңқылық болғандай.
Негізі қандай жарысқа болмасын, барар сәтте спортшылардың жүктемесін азайтып, спорттық формасын сақтау маңызды. Мұны кез-келген жаттықтырушы түсінуі тиіс.
Ал, біздің боксшылар Олимпиадаға дейін күніне үш мезгіл жаттығу, қайта-қайта спарринг өткізді. Мұның қандай қажеттілігі болды? Бұл сұраққа бас жаттықтырушы Ғалымбек Кенжебаев жауап беруі тиіс.
Бәйгеде қалай? Сәйгүлікті бірнеше ай баптап, межеге шығатын кезде шаршатып алмауға мән береді. Өйткені қанша мықты болса да шаршаңқы сәйгүлік мәреге бірінші келе алмайды. Бокста да сондай. Сосын шаршап тұрған адам психологиялық тұрғыда өзі-ақ ұтылып қалады.
Бір қарным ашқаны, 69 келі салмақты өзімізге еншілеп алдық. Жарайды, 2004-2016 жылы аралығында өткен Олимпиада ойынында Бақтияр Артаев, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев пен Данияр Елеусінов биік тұғырдан көрінді. Бұл – 69 келі салмақ қазақтікі деген сөз емес қой!
Егер 1904 жылдан бері қарайтын болсақ, бұл салмақта америкалық және кубалық боксшылардың мерейі үстем екенін көреміз. Ресейдің саңлақ боксшысы Олег Саитов екі Олимпиада ойыны – Атланта мен Сидней төрінде тұғырдың биігінен көрінді. Демек, 69 келіні қазақ «сатып немесе еншілеп» алған салмақ емес. Осыны түсіну керек.
«Қазақтың салмағы, сен жеңуің керек!» деген сөздің өзі спортшыға психологиялық тұрғыда ауыр тиеді.
Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев отандық ақпарат көздеріне өз пікірін берді. Оны қолдайтын жері көп. Мәселен, мәдениет пен спорт екеуі екі сала. Бір-біріне «үш қайнаса сорпасы қосылмайды».
Спорт министрлігін құрып, спорттық нормативтер мен ережелерді уақыт талабына сай қайта құру керек, – деп ойын ашық айтты.
Расында Токио Олимпиадасы қазақ спортының дағдарысқа ұшырағанын көрсетіп берді. Әрине мұндай көрсеткішке пандемияның әсері болды. Бірақ карантиндік режимді әлемнің барлық елдері ұстанып отыр. Бір анығы, Токио Олимпиадасы біздің спорттағы жағдайды түгел саралап, әлем елдерінің спорты дамып кеткенін көрсетіп берді.
Бұл турасындағы ойын Қызылорда облыстық қазақ күресі қауымдастығының вице-президенті, Қызылорда облыстық белбеу күресі федерациясының президенті Мадияр Ахметов ағамыз айтып берді.
– Олимпиадада оң нәтиже көрсетпеуіміздің бір себебі – пандемия деп айта аламын. Екінші жағы, әлемде спорт қатты дамып барады. Біз әдістемелік, практикалық, ғылыми-инновациялық тұрғыда спорт саласын қолдап, жағдай жасамасақ, енді жақсы нәтиже көрсетуіміз қиындай береді. Тәуелсіздік алғалы алты Олимпиада ойынына қатысып, ең төмен көрсеткіш Афинада тіркеліп, бейресми командалық есепте 40 орынға тұрақтадық. Бұл жолғы көрсеткіш 83 сатыны көрсетті.
Ең өкініштісі, Африканың Кения, Уганда, Египет, Эфиопия сынды елдері, шағын аралдардан құрылған Ямайка, Багам, Бермуд аралдары, Фиджи және т.б елдер алдымызды орап кетті.
Спортшыларды кінәлай беруге болмайды. Ұйымдастыру жағынан қателіктер болды деп есептеймін. Спортшыларды климаттық бейімдеу, төртжылдықтың басты турниріне спортшыны бабында алып бару, психологиялық тұрғыда дайындауды жетілдіру түсу маңызды. Бәрінен бұрын әлем спортты қатты дамып кетті. Бір ғана дәйек-дәлел келтірсем, Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 200 метрге брасс әдісімен жүзуде 2:07.46 көрсеткішпен чемпион болса, Токиода австралиялық жүзгіш Зак Стабблти-Кук 2:06.38 көрсетті.
Мұның бәрі спорттың түбегейлі өзгерістер күтіп тұрғанын көрсетіп отыр. Отандық спорттың құлдырауы жоғарыдан басталды. Біздіңше бұл салаға бөлінген бюджет қаражаты талан-таражға түсті-ау деймін.
Чемпиондар ауылдан шығады. Осы ауыл спортына қаншалықты жағдай жасалуда. Сөз жоқ, кейінгі жылдары спорттық кешендер бой көтеріп, спорт алаңдары салынуда. Яғни бұқаралық спортты дамытуда ілкімді іс бар. Бірақ мұнымен бәрі шешілмейді. Жастардың спорттық шеберлігін арттыруда үнемі жарысқа қатысып, облыстық, республикалық деңгейдегі оқу-жаттығу жиынындарына қатысып тұруы тиіс.
Осы тұрғыда алғанда, бізде кемшіліктер көп. Кейде федерация тарапынан қаржы тапшы болып, кәсіпкерлерге қолқа салып, өтініш айтып жүреміз.
Ал, Токио Олимпиадасындағы қазақ спортшыларының өнеріне келетін болсақ, Сәкен Бибосыновтың ерік-жігеріне тәнті болдым. Жас қой, біз оның әлі-ақ Олимпиада ойынын ұтатына сенеміз.
Кезінде қазақтың атбегілері «мынау атты мәреге жақындағанда қамшылау керек, мына сәйгіліктің жалының тартқанда адымын кең ашып, шабысы үдейді» дегендей әр жылқының мінез-құлқына сай бәйегеге қосып, шабантозға тиісті нұсқама берген.
Міне, спортта сондай. Әр спортшының мінезі әртүрлі. Біреуін мақтау сөзбен, енді біріні намысты сөздермен қайрап, жігерін тасытасыз.
Мырзағали Айтжановтан осындай талап-үдені көруші едім, – деп жауап қатты.
Жаңақорған ауданының балуандары төртінші Олимпиадасына барды. Бұған дейін Пекин төрінде Жасұлан Мұхтарбекұлы бестікпен түйіндегені әлі есімізде. 2012 жылы Лондон Олимпиадасында Дәулет Ниязбеков, 2016 жылы Рио Олимпиадасында Ғалымжан Өсербаев белдесіп, алғашқы бестіктен көрінген-ді. Бірақ, күрес түрлері бір орында қалып қойғанын ұғындық. Оған қырғыз балуандарының өнері дәлел. Бізде ешқандай прогресс жоқ сынды көрінді. Тек жаңадан қосылған каратэ біздің абыройымызды аздап көтерді. Екі қола алдық. Демек келесі Олимпиада бағдарламасында болатын болса, каратэге басымдық беру тиіс-ақ.
Қызылорда облысының еркін күрестен аға бапкері, Қазақстан Республикасы еңбек сіңірген жаттықтырушысы Әбутәліп Аманов күрес түрлерінде бәсеке артқанын, алайда, балуандардың деңгейі өспеді дегенге келіспейді.
– Дәулет Ниязбеков Сыр өңірінің ғана емес, алаш жұртының ортақ мақтанашы. Үш Олимпиадалық циклда жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, Әлем чемпионатында қола, күміс медальға ие болды. Үш рет Азия чемпионатын ұтты.
Еркін күресте 65 келіде бәсеке өте жоғары. Бұл салмақта 5-6 Әлем чемпионы мен құрлықтық бәсекелердің үздіктері өнер көрсетті. Әлемнің сақа спорт сапаршылары Токио Олимпиасында жүлде алатын спортшылар қатарына Дәулет Ниязбековті де қосты.
Әттең, егер Токиоға жарақатымен бармағанында шынында жүлде болар ма еді? Енді өкінгеннен ешнәрсені өзгерте алмаймыз...
Иә, мойнынан жарақат алып, Алматыда өткен Азия чемпионатына қатыса алмады. Одан кейін емделіп, қайта қалпына келтіруге мән бердік. Бірақ Токиоға толық бабымен бара алмады. Жарақаты да мазалады. Болмаса біздің Дәулет жартылай финалда күрескен Гаджи Алиевпен де, үшінші орын үшін белдескен Баджранг Баджрангпен де деңгейлес, бірде ұтып, бірде ұтылып жүретін... – деді.
Әрине, спорттың дамуы спикерлер айтқандай, ұйымдастыру жұмыстарына тікелей байланысты. Біздің ауданда бұқаралық спорттың дамуына жауапты бөлім басшысы Махмұт Рақымжановты да әңгімеге тартуды ұмытпадық.
– Дерек пен дәйек айтып тұрғанындай Тәуелсіздік алғалы Олимпиада ойындарында төмен нәтиже көрсеттік. Мәселен, Атландада – 24, Сиднейде – 22, Афинада – 40, Пекинде – 37, Лонданда – 24, Рио-де-Жанейрода – 22 орын алдық. Енді Париж Олимпиадасында биіктен көріну үшін бар күш-жігерімізді салуымыз тиіс.
Бұл бағытта Үкіметтің тарапынан қолдау шаралары атқарылуда. Мәселен, Сыр өңірі бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында спорт кешені ең көп салынған ауданбыз. Осы уақытқа дейін Жаңақорған кентінде екеу, сондай-ақ, Сүттіқұдық, Сунақата, Қожакент ауылдық округінде спорт кешені пайдалануға берілді. Алдағы уақытта Ақүйік, Төменарық, Жараңық, Қандөз, Қыркеңсе елді мекеніндегі спорт кешені іске қосылады.
Бұқаралық спортты дамытуда мұнымен шектелмейміз. Қазір барлық елді мекенде шағын футбол алаңдары бар. Олардың қасына тренажер алаңын салынуда. Бұл дегеніміз, Дәулеттің ізбасарлары шығып, Олимп шыңын бағындарады.
Енді Дәулеттің Токиодағы өнеріне тоқталатын болсақ, біздің балуан өте жақсы өнер көрсетті. Екі рет Олимпиада ойындарына қатысп, үздік бестікпен түйіндеу жақсы нәтиже. Тіпті Олимпиада ойындарына қатысу екінің бірінің бағына бұйыра бермейді.
Менің естуім бойынша, Дәулет Олимпиададан кейін Токионың ауруханасына жатқызып, ем алды. Мұның өзі біздің балуанның жарақаты ауыр болғанын көрсетеді, – деді.
P.S.: Біздің бір түсінгеніміз отандық спортты дамыту керек. Әсіресе, балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше назар аударып, салада қордаланған кем-кетікті түзетуге мән беру керек. Өйткені, спикерлер айтқандай, Токиодағы сәтсіздік спортшылардан емес, ел спортын дамытудағы өрескел қателіктен болып отыр. Осыны дұрыс қабылдап, ұтымды шешімдер қабылдау керек-ақ...
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ