№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Алпауыттар алма-кезек ауысуда

Алпауыттар алма-кезек ауысуда


Жаңа айттым ғой, Токио Олимпиадасының үздік құрама командалары сәт сайын ауысады деп. Бұл – сәуегейлік емес! Бірінші орынға таласқан ұлттық құрамалардың шынайы бәсекесі. Біз тек соңы бағдарлап отырмыз...
2021 жыл 28 шілде сағат 11.55-де жалпы командалық есепте Жапония көш бастаса, сағат 15.40-та Қытай алға шықты.
Қытайда жалпы жиындығы 24 медаль бар. Оның 11-і алтын, 5-і күміс, 8-і қола. Таразы басында алтынның салмағы ауыр. Сондықтан чемпиондарды саралайтын болсақ, суға секіру (биіктіктен), мықтық ату және ауыр атлетикадан 3 алтыннан, семсерлесу мен ескек есуден 1 алтыннан алды.
Жекелей сында ауыр атлетикада 49 келіде Чжихуэй Хоу, 67 келіде Lijun CHEN, 61 келіде Фабин Лидың мерейі тасыды.
Семсерлесуде Ивэнь СУНЬнің, атудан Цянь Яннің бағы жанды.
Қытайдың экономикалық қуаты артуымен спорты қатар дамыды. Қытай билігі спортты арнайы реформалармен кезең-кезңімен дамытты. Жоғары жетістікке жеткен спортшылар мемлекеттік деңгейде ұлықталады. Ал, оларға әлеуметтік тұрғыда қандай жағдай жасалған?!
1896 жылы Олимпиада ойындары басталды десек, тек соңғы 20 жылда үздік үштіктен көріне бастады. Мәселен, жалпы командалық есепте 2000 жылы – 3, 2004 жылы – 2, 2008 жылы – 1, 2012 жылы – 2, 2016 жылы – 3 орынға тұрақтады.
Демек Қытай
Олимпиада
алауы тұтанған алғашқы 104 жылда мардымды жетістігімен мақтана алмайды.
Дәл қазір командалық есепте төртінші сатыда 7 алтын еншілеген Ресей келеді.
Ары қарай тарқататын болсақ, үздік ондыққа Австралия, Ангия, Корея Республикасы, Франция, Нидерланд, Канада жайғасты.
Үш сағат бұрын Қазақстан 49 орында болса, одан бір саты төмендеп, 50 орынға тұрақтады. Әй, біздің спортшылар алтын алмай 50-ліктен көтерілмейміз-ау, осы!
Орта Азиядағы Өзбекстан – 26-ы, Түркменстан – 42 орында келеді.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
28 шілде 2021 ж. 555 0