Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Украина футболшылары ерлерді

Украина футболшылары ерлерді

Кеше футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалы аяқталды. Ширек финалға шыққан құрамалар белгілі болды. Кешегі тартыста алдымен Лондондағы «Уэмбли» стадионында Англия мен Германия құрамалары кездесті. Бірінші таймда есеп ашылмады. Алайда екінші таймның аяқталар тұсында ағылшындықтар неміс көлігін істен шығарды. 75-минутта Рахим Стерлинг ағылшындарды алға шығарса, 85-минутта Харри Кейн командасының екінші голын салды. Осылайша, ағылшындар 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Ал ширек финалға соңғы жолдаманы Швеция мен Украина сарапқа салды. Ойын украиналықтар пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Ойын бастала салысымен шабуылға көшкен шведтер қорғанысты ұмытты, осындай олқылықтың кесірінен алғашқы голды қақпасына салдырып алды. 27-минутта Александр Зинченко есепте ашса, үзіліске дейін швециялық жартылай қорғаушы Эмиль Форсберг есепті теңестірді. 
Матчтің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталып, жеңімпаз овертаймда анықталды. Ойынның 99-минутында Маркус Даниэльссон қызыл қағаз алып, шведтер 10 ойыншымен қалды. Осы мүмкіндікті ұтымды пайдаланған Шевченко жігіттері жеңісті жұлып алды. 121-минутта Артем Довбик гол соғып, Украина құрамасына жеңіс сыйлады.
Енді ширек финалда Англия мен Украина құрамалары кездеседі. Бұл кезеңдегі басқа жұптар: Бельгия - Италия, Дания - Чехия және Швейцария – Испания.
30 маусым 2021 ж. 739 0