Волейболдан чемпион атандық
“Ел чемпионатында Қызылорда облысының жасөспірімдер командасы жеңімпаз атанды” деген Түркістан шаһарынан ақжолтай хабар жетті. Жылда жүлдесіз оралмайтын Сыр спортшылары бұл жолы алтын тұғырдан көрінді.
Түркістан қаласында өткен волейболдан 2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында Сыр волейболшыларынан құралған команда сапында Жаңақорған ауданының 6 спортшысы өнер көрсетті. Олар: Рамазан Баязитов, Мирас Зайдин, Кемеңгер Орынбекұлы, Нұртасбек Нұрдаулет, Сәулебай Өміржан және Шаптай Мұсахан.
Сонымен алғашқы ойынды ақтөбелік бастады. Жарыстың фавориттері саналған Ақтөбе жастары топтық кезеңнің алғашқы ойынында Сыр спортшыларына жол берді. Келесі күні өскемендік өрендермен жолыққан біздің спортшылар оларды да басым түсті. Одан кейін шымкенттік жастар қарсылас атанды, олардан да басым түскен қызылордалық команда жартылай сында Нұр-Сұлтан командасымен жолықты. Ал, ақтық сында қайта Ақтөбе қарсылас атанды. Тартысты өткен чемпиондыққа таласта Сыр волейболшылары 3:2 есебімен басым түсіп, ел чемпионы атанды.
– Жарысқа жақсы дайындықпен бардық. Алғашқы ойыннан-ақ чемпион болуға лайық екенімізді көрсеттік. Шәкірттердің болашағынан үлкен үміт күтуге болады. Әрқайсысының командада орны бөлек, сондықтан бөліп жарып айтуға келмейді. Жастар, одан кейін ересектер арасында осы құраммен талай топ жаруға дайынбыз, – деді білікті бапкер Батыр Бабаев.
Жаттықтырушылар құрамында Қ.Алимбетов, С.Сопбеков, А.Жұмаділлаев, Ғ.Бауыржанұлы және А.Өтеев те болды.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ