Құрылтай

№52 (8966) 14

14 шілде 2026 ж.

№51 (8965) 9

09 шілде 2026 ж.

№50 (8964) 4

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бұйырғаны қола

Бұйырғаны қола


Ақмола облысы Щучинск қала­сында волейболдан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында ҚР күзгі чемпионатында Сыр спорт­шылары қоланы қанағат тұтты. №8 мектептің волейболшыларын Батыр­қожа Бабаев баптайды. Команда сапында қос жаңақорғандық Ғазиз Ізатуллаұлы мен Нұрсерік Тұрсынбай өнер көрсетті.

Ал Шымкент қаласында өткен волейболдан 2005-2006 жылдары туылған жасөспірімдер арасында ҚР-ның күзгі чемпионатында Қызылорда жігіттері алтынды мойынға тақты. 16 команданың арасында үздік ойын өрнегін көрсеткен Сыр волей­болшылары керемет нәтижеге қол жеткізді. Қалдыбек Руслан, Қалдыбек Бағлан, Сайрамбек Бекнұр, Әбілаш Досымжан, Әлден Жанарыс, Досмағанбет Бекарыс жəне Балтабай Айбол сынды волейболшылардан құрал­ған команда Сыр мерейін тасытты. Команданы баптайтын Батыр­қожа Бабаев жəне Мұрат Мұхамадиев болатын.

Әлібек ТЕМІРБЕК
14 қараша 2019 ж. 1 172 0