№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан қоржынында Олимпиаданың неше жолдамасы бар?

Қазақстан қоржынында Олимпиаданың неше жолдамасы бар?

Коронавирус пандемиясына байланысты өткен жылы Халықаралық Олимпиада комитеті мен Олимпиада ұйымдастырушылары төрт жылдықтың басты додасын бір жылға кейінге шегерді. Енді олимпия ойындары 2021 жылы 23 шілдеде басталады.

Жақында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің жиынында Томас Бах 2021 жылдың қарбаласқа толы болатынын атап өтті. Өйткені, Токиодағы Олимпиада ойындарынан кейін 6 ай өткен соң қысқы Олимпиада ойындары басталады. Мұндай жайт тарихта алғаш рет орын алмақ. 
Томас Бахтың айтуынша, Олимпиада ойындары мен барлық жарыстар және іс-шаралар жоспарланған уақытында өтеді. Осы салаға қызығушылық танытқан тараптардың бәрі де Ойынды сәтті өткізу үшін тынымсыз еңбектеніп жатыр. 
Сондықтан, «Б» жоспарын ойластыруға негіз жоқ. Жапония нақты қадамдар арқылы бұл ойынды өткізуге дайын екенін көрсетіп, Қытай да қысқы ойындарды өткізуге әзір екенін мәлімдеді. 
Олимпиаданың кейінге шегерілгеніне қарамастан, спортшыларымыз елдің бас санитария дәрігерінің жарлығына сәйкес жаттығулар жүргізіп жатыр. 2020 жылдың 17 тамызынан бастап Ұлттық Олимпиада комитетінің аккредиттелген спорт базасында барлық санитария-эпидемиология стандарты мен талабына сәйкес оқу-жаттығу жиындары қайта басталды.
Қазіргі уақытта Қазақстан еншісінде 17 спорт түрінен 42 лицензия бар. Оның ішінде:
  • Жеңіл атлетикадан 3 лицензия – Георгий Шейко, Ольга Рыпакова, Айман Ратова;
  • Велоспорттан (тас жолдағы) 4 лицензия;
  • Суда жүзуден 2 лицензия – Баландин Дмитрий, ашық аспан астында суда жүзуден 1 лицензия – Худяков Виталий;
  • Садақ ату спортынан 4 лицензия – Мұсаев Санжар, Ганкин Денис, Абдуллин Ильфат;
  • Құзға өрмелеу спортынан 1 лицензия – Ришат Хайбуллин;
  • Синхронды жүзуден 1 лицензия – Александра жəне Екатерина Немич;
  • Грек-рим күресінен 2 лицензия – Мейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов; Əйелдер күресінен 2 лицензия – Валентина Исламова, Эльмира Сыздықова; Еркін күрестен 4 лицензия – Нұрислам Санаев, Дəулет Ниязбеков, Данияр Қайсанов, Əлішер Ерғали;
  • Спорттық гимнастикадан 1 лицензия – Милад Карими; Стенд атудан 1 лицензия – Рысбекова Сəрсенгүл; Нысана көздеуден 1 лицензия – Юрков Юрий;
  • Бессайыстан 2 лицензия – Потапенко Елена, Ильященко Павел;
  • WKF каратэден 1 лицензия – Дархан Асаділов;
  • Бокстан 9 лицензия – Сəкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Зəкір Сафиуллин, Абылайхан Жүсіпов, Əбілхан Аманқұл, Бекзат Нұрдəулетов, Василий Левит, Қамшыбек Қоңқабаев, Надежда Рябец; Велотректен 3 лицензия.
Massaget.kz
29 қаңтар 2021 ж. 1 326 0