Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 546

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Токио тұрғындары Олимпиада ойындарына неге қарсы?

Токио тұрғындары Олимпиада ойындарына неге қарсы?

Токио тұрғындарының жартысынан көбі 2021 жылы өтетін Жазғы Олимпиада ойын­­дарын қарсы. Бұған Жапониядағы БАҚ өкілдері ұйымдастырған сауалдама нәтижесі дәлел болды.
Сауалдамаға қатысқан тұрғындардың 51,7 пайызы 2021 жылғы Олимпия ойындары өткізілмесе екен деп тілейді. Ал оның ішіндегі 27,7 пайызы төрт жылдықтың басты додасының мүлде өткізілмегенін қаласа, 24 пайызы кейінірек өткізуді қолдап дауыс берген.
Олимпия ойындарын келесі жылы өткізуге қарсы болмаған 31,1 пайызы байрақты бәсе­кені қысқартылған жағдайда және жан­күйер­лерсіз өткізу керек деген идеяны қол­дайды. Қалған 15,2 пайыз тұрғын Олим­пиаданың өз уақытында өтуіне қарсы емес.
Еске сала кетейік, наурыз айының соңында Халықаралық Олимпиада комитеті коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы Токио Олимпиадасын 2021 жылға ауыстырған болатын. Халықаралық дода келесі жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтетін болып бекітілді.
02 шілде 2020 ж. 1 031 0