№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Төреші – әділдіктің жақтаушысы

Төреші – әділдіктің жақтаушысы


Әуесқой боксшылардың Халықаралық Қауымдастығында (AIBA) төрешілік ететін Дінмұхамед Абайханмен мақтанамыз. Ол білікті бапкер ретінде де танымал. Жаңақорғандықтардың арасында халықаралық бәсекелерде төреші болуға тұңғыш ие болған Дінмұхамедті әңгімеге шақырып, сұхбат құрдық.


Аудан боксының бүгінгі биігінде ең алдымен Құрбаш ағайдың есімі жаңғырып тұрады. Жарты ғасырға жуық аудан спортына еңбек сіңірген білікті бапкерді қалай дәріптесек те жарасады. Одан кейін Нұрбек Исаев пен Жандос Жаназаровтың та еңбегі елеулі. Осы мектептің белді өкілі Дінмұхамед Абайхан бапкерлік қырынан бөлек, төрешілік қабілетімен ерекшеленеді.
– Негізі әуесқой бокс төрешілеріне кәсіпқой боксқа төрелік етуіне рұқсат бермейтін. Былтырдан бастап рұқсат берілді, өзім Қазақстандағы «МТК GLOUBL» компаниясымен келісім-шартқа отырып, екі бокс кешінде төрешілік еттім. Айдың соңында тағы бір кеш ұйымдастырылады, бұйыртса сол күні шаршы алаңда төреші боламын. Мен төрелік еткен кеште Сыр елінің мақтаныштары Қамшыбек Қоңқабаев пен Құлахмет Тұрсынбай, одан бөлек Айдар Шәріпов сынды ел мақтаныштары өнер көрсетті.
– Кәсіпқой мен әуесқойдың айырмашылығы бар ма?
– Әрине, бар. Ережесі өте ұқсас болғанымен, кәсіпқой бокстың аурасы бөлек болады. Жекпе-жек 12 раундқа созылады. Мұндай уақытта бокшылармен бірге төрешілер сыр беріп жатады. Мен әзірге 8-10 раундтық бокстарға төрешілік етемін. Ол жақта сын да айтылады, бақылау да көп. Бастысы, әділ төрелік етсең болғаны, шүкір ұсыныс келіп түсуде. Әлі жаспын. Жұмыс жасау керек. Ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатында бас төрешінің орынбасары болдым. Жалпы АІВА төрешісі болу – үлкен жауапкершілікті талап етеді.
– Токио Олимпиадасына бару жоспарда бар ма?
– Алла қаласа, 2024 жылы өтетін Олимпиада ойындарына барамын деп жоспарлап отырмын. Оған да үлкен дайындық керек. Биылғы меже – Азия чемпионатында төрелік ету. Жалпы төреші – әділдіктің жақтаушысы...
– Аудан боксы туралы айта кетсеңіз.
– Қазір Жаңақорғанда бокс қар­қынды дамып келеді. Құрбаш ағай­дың сара жолымен шәкірт тәрбиелеп жүрміз. Қазір Алматыда жастар арасындағы ел біріншілігіндемін. Бақдаулет Тұрсынбай есімді шәкіртім бокстасады. Ересектер арасында Қуандық Жүсіп пен Азамат Бектасқа үміт артамыз. Азамат былтыр ересектер арасында ел чемпионатына қатысып, ұлттық құрама сапына ілінді. Одан басқа да жас боксшыларымыз бар, барлығы бабында, тек жарыстар басталса болғаны.
Айта кететіні, Атырау қаласында өткен жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында Дінмұхаммед Абайхан «Үздік төреші» номинациясына ие болды. Бұл – аудан спорты үшін үлкен жетістік. Бүгінде ол Жаңақорғандағы Исламхан Боранбаев басшылық ететін №7 ОРМБЖ мектебінде бокстан аға жаттықтырушы. Осындай бапкерден келешекте Олимп шыңын бағындыратын боксшылар шығатынына сенімдіміз.

Әлібек Темірбек
20 қаңтар 2021 ж. 1 049 0