№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Еуропа бізді кешір... Желге ұшқан миллиондар

Еуропа бізді кешір... Желге ұшқан миллиондар

Бұлай айтуға негіз бар, Тәуелсіздік алғанымызға 30 жылдай уақыт өтті. Қаншама қаржы құйылды, шет елден мамандар шақырттық. Соңғы жылдары қазақ балаларына алаңда доп тебуге мол мүмкіндік берілді. Қолдау да аз емес-ті, жастар мен аға буын, тіпті жеткіншектер де бір үйдің балаларындай табанымыздан тік тұрып ұлттық құрамаға қолдау, демеу болдық. Әрине ұлттық деп айтуға ауыз бармайды. Ешқандай да намыс жоқ. Бірақ баяғы жартас, сол жартас. Жеңілістен көз аша алмай келеміз, егемендік алғалы күрес түрлерінен алтын алу арманға айналса, футболдан да осы жағдайға куәміз. Өте өкінішті...
Кеше ұлттар лигасының С тобындағы соңғы ойынын Қазақстан құрамасы Литва қарсы өткізіп, жеңіліп қалды. Есеп 2:1. Ойынды тамашаладық, көздерінде от ойнап, намысы қайралып, жаны беріліп ойнап жүрген бірде-бір ойыншы көрмедік. Ондай ойыншы көргенде емеспіз, шынын айту керек, ұлттық құрамадағы әр ойыншы кем дегенде клубымен қоса есептегенде айына 5 миллионнан кем ақша алмайды. Мәселе ақшада емес, елдің намысы тұр ғой...
Біздің жігіттер келер жылы Фарер аралдары, Лихтенштейн, Молдава сынды халқы өзінен 20-30 есе аз елдермен күш сынасып көреді. Егер ол жерде де топтан бірінші орынмен шықпаса, онда қазақ футболы дәуренін аяқтайды. Уақыт емші, көрейік келер жылы не боларын. Әлі де үміттіміз.
19 қараша 2020 ж. 578 0