18 жастағы футболшының құны 3 айда 800 пайызға көтерілді
Дортмундтың Боруссия клубының шабуылшысы Джейдон Санчоның трансферлік құны 87,9 миллион еуроға көтерілді. Бұлтуралы CIES Football Observatory хабарлады.
Қыркүйек айында шабуылшының құны 9,7 миллион еуроға бағаланған. 3 ай ішінде бұл нарық 806 пайызға қымбаттаған. Қысқа уақыт аралығында ешқандай футболшы осындай дәрежеде қымбаттамаған. Сонымен бірге, Санчоның командаласы Марко Ройстың да трансферлік құны 4,6 миллионнан 23,5 миллионға көтерілген.
Санчо — Манчестер Сити тәрбиеленушісі. Ол 17 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлем чемпионатында Англия ұлттық құрамасы сапында доп теуіп, чемпион атанды. Еуропа чемпионатының финалында ойнап, ең үздік ойыншы атанды. «Боруссия» Санчоны 2017 жылы тамыз айында 8 миллион фунт-стерлингке сатып алған еді. Джейдон осы маусымда 24 ойынға қатысып, 6 рет мергендігімен көзге түссе, 7 рет нәтижелі пас шығарған.
Пікір 3