№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ҮЗДІК 10 СПОРТ. 2019 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

ЖАҢАҚОРҒАНДАҒЫ ҮЗДІК 10 СПОРТ. 2019 ЖЫЛДЫҢ ЖАҢАРТЫЛҒАН РЕЙТИНГІ ҚАНДАЙ БОЛДЫ?

1. Көштің басында еркін күрес спорты қайта шықты. Әрине, Жастар жылында белбеу және самбо күресінің жастары жасындай жарқылдады. Десе де, қос мақтанышымыз Дәулет пен Ғалымжан былтыр ел чемпионы атанды. Ол бір, ең бастысы Дәулет Ниязбеков Токиода өтетін Жазғы Олимпиада ойындарына Сыр еліне тұңғыш жолдаманы алып беріп, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондықтан, үздіктер тізімінде бұл спорт бірінші орынын сақтап қалды.
2. Екінші орын белбеу күресінің саңлақтарында. Биыл бұл спорт түрі табысқа кенелді. Ересектер және жастар арасынан Әлем чемпионаттарында қанжығамыз алтынмен де, күміспен де, қоламен де майланды. Олар самбодан да сүйіншілеп жүрді. №7 ОРМБЖ мектебінен тәлім алған балуандар бүгінде аудан атын Қазақстанға танытып, жаңартылған рейтингте күміс орынға шықты.
3. Ал, қола қол күреске бұйырды. Облыстық жарыстарда, республикалық турнирлерде атымыз озды. Тіпті мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында Азиядан алтынмен сүйіншіледік. Биыл да бірнеше спортшы ел чемпионатына жолдама алды. Егер жеңіс бұйырса, Азия, одан кейін Әлемге баратын болады. Сәттілік!
4. Төртінші орнын бокс  сақтап қалды. Былтыр ел біріншілігінде және Халықаралық додаларда балғын боксшылар атой салды. Жасөспірімдердің өзі Қазақстан чемпионатында алтынмен сүйіншілесе Азамат Бектас пен Қуандық Жүсіп жарады. Енді нәзік жандыларды да ринг төрінен көретін боламыз. Демек биыл да біз үшін табысты жыл болады деп сенеміз.
5. Бестікті футбол түйіндеді. Мектеп лигасында балғын аяқдопшылар айды аспаннан бір-ақ шығарды. №125 мектептің оқушылары республикалық ұлттық мектеп лигасында алтын тұғырдан көриінді. Ал ересектер арасында біздің аудан сол Сыр өңірінің үздік үштігінде.
6. Көкпар. Қазақтың төл спортының ауданда дамуы өте күшті. Оның бір ғана айғағы бүгінде көкпардан облыс құрамасының 98 пайызын жаңақорғандық жігіттер құрайды. Мұның өзі аудан үшін үлкен абырой, үлкен мақтаныш. Жалпы ұлттық ат спортынан жаңақорғандықтар үздік нәтижемен қорытты.
7. Қол добы, яғни гандбол спорты. Бұл спорт десе жас болса да білікті бапкер Құнанбай Салыбековтың есімі еріксіз есімізге оралады. Келінтөбе ауылынан шыққан бұрымдылар гандболдан аудан абыройын облыста қорғап жүр. Үздік үштікте келеді. Тіпті, екі спортшы облыс құрамасына іліккен. Әрі, оқушы болса да спорт шбереі атанып үлгерген спортшылар да бар екен.
8. Баскетбол. Бүгінде Қанат Айдаров пен Дильяра Мұсаева баптайтын жастар мен жасөспірімдер аудан атынан талай облыстық, республикалық аламандарда жүлдеден көрініп жүр. Сондай-ақ, мектеп оқушылары спартакиада ойындарында облыста озық екенін сан мәрте дәлелдеді. 
9. Волейбол десе Байгенже ауылы көз алдымызға елестейді. Иә, бүгінде аядай ғана ауылда осы спорттың қарқынды дамуы аудан волейболының өсуіне оң ықпалын тигізуде. Ғазиз, Батыр сында білікті ұстаздардан тәлім алатын шәкірттер облыста табысты өнер көрсетуде. 
10. Бұл орынға біз бүгін екі бірдей спортты орналастырдық. Бірі – тоғызқұмалақ, екіншісі – таеквандо. Қос спорттан да жеткен жетістік аз емес. Республикалық сындарда топ жарып жүрген жерлестеріміз аз емес.
Міне, біз былтырғы жылғы рейтингті осылай өзімізше жаңаладық. Биылғы жылды жыл соңында
қайта сараптап көреміз. Ал, спортшылар сәттілік...
07 ақпан 2020 ж. 923 0