№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр өңірінде Токио олимпиадасына қанша жолдама бар?

Сыр өңірінде Токио олимпиадасына қанша жолдама бар?


Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысы Лаура Шонгалова Қазақ спорт және туризм академиясы мен «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының ұйымдастыруымен өткен «Жыл үздіктері-2019» номинациясында екінші жыл қатарынан «Үздік баспасөз хатшысы-2019» жеңімпазы атанды. Әріптесімізді құттықтап, спорт саласына байланысты сұрақ қойдық.


– Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы екінші жыл қатарынан «Үздік спорт басқармасы» атанды. Мұның сыры неде?
– Спорттың дамуына өңірдің әлеу­меттік-экономикалық дамуы оң әсерін тигізіп отыр. Халықтың спорттық нысан­дарға қолжетімділігін арттыру мақсатында, соңғы екі жылда аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылды, оның 7-уі облыстық бюджеттен, 9 спорт кешені мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында пайдалануға берілді.
2017 жылы облыс бойынша бұқа­ралық спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 27,1 процент (211 271 адам) болса, 2019 жылы 30,2 процентке жетіп, 243 078 адамды құрады. Яғни бұқаралық спортқа жағдай жасау арқылы кәсіби спортты дамытуға жол ашылды. Соның салдарынан республикалық, халықаралық жауапты бәсекелерде қызылордалық спортшылар биіктен көрінуде. «Жыл үздіктерін» анықтағанда осындай көрсеткіштерді қаперге алған болар.
– Облыста қай спорт түрін брендке жатқызуға болады?
– Әрине бөліп-жарып айтуға болмас. Барлық спорт түрлерінің өзіндік қалып­тасуы мен даму динамикасы бар. Құрлықтық, Әлем чемпионатының нәтижесіне қарай күрес түрлерін, бокс пен ауыр атлетиканы айтуға болады.
– Спортта жеткен биылғы басты жетістіктерді атай аласыз ба?
– Жоғарыда айтқанымдай, Сыр спортшылары биыл биік-биік тұғырдан көрініп, Қазақ елінің намысын лайықты қорғады. Жыл басынан бері біздің спортшылар Қазақстан, Әлем, Азия чемпионаты мен облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда 6665 медаль жеңіп алды. (2017 жылы – 3817, 2018 жылы – 5418 медаль).
Олардың ішінде Жапонияның Сай­тама қаласында мәнерлеп сырғанаудан Элизабет Тұрсынбаеваның өнерін ерекше атауға болады. Ол Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленіп, төрт айналым элемент секіруден әйелдер арасында тұңғыш рет тарихқа енді.
Нұр-Сұлтан қаласында еркін күрестен өткен Әлем чемпионатында Дәулет Ниязбеков күміс жүлдені иеленіп, 2020 жылы Токио Олимпиадасына жолдама алды. Бұл – Сыр өңірі еркін күрес мектебінің ең биік жетістігі. Ресейдің Екатеринбург қаласында бокстан өткен Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев күміс, Тұрсынбай Құлахмет қола жүлделерге ие болды. Ал мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында жеңіл атлетикадан Ислам Салимов Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында Сәпи Есенгелді және Бекболат Рахат жеңімпаз атанды. Облыс тарихында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында бұл алғашқы медаль болып табылады.
Алматы қаласында қазақ күре­сінен өткен «Әлем барысы» әлем чемпионатында Мақсат Исағабылов қола жүлдені иеленді. Сондай-ақ Ақтөбе қласында қазақ күресінен өткен Әлем чемпионатында Нұрым Сәлімгереев алтын медаль иеленіп, еліміздің көк туын көкте желбіретті.
Биылғы жылдың басты жаңалығы – «Қайсар» футбол командасының Қазақстан кубогы ойындарында жеңімпаз атануы болды. Команда 20 жыл уақыттан кейін екінші рет финалға шықты. Енді Қызылорда қаласында Еуропа лигасының ойындарын көретін боламыз.
– 2020 жылы Токио Олим­пиадасының алауы жанады. Сыр өңірінен қанша спортшы төрт­жылдықтың басты бәсекесіне қаты­суы мүмкін?
– Спортшының ең биік шыңы – Олимпиада медалі. Сондықтан Сыр спортшылары Олимпиада ойындарында табысты өнер көрсететініне сенемін. Әзірге 2 спортшымыз 2020 жылы Жапонияның Токио қаласында өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Біріншісі – еркін күрестен 3 дүркін Азия чемпионы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дәулет Ниязбеков болса, екіншісі – жеңіл атлетикадан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Бүкіләлемдік спорт ойындарының күміс жүлдегері Ислам Салимов Паралимпиада ойындарына жолдама алды.
Жолдама алуға жұмыстар жасалынып жатыр. Спортшылар тыңғылықты дайындалу үстінде.
– Қызылорда облысында Жаңа­қорған ауданы спортының алар орны қандай?
– Облыс деңгейінде Жаңақорған ауданы ауыл спортшыларының «Алтын күз» спартакиадасында жүлегерлер қатарынан түскен емес. Жоғары спорт шеберлігінде де жетістіктері айтарлықтай. Бүгінде ұлттық спорт түрлері: көкпар, аударыспақ, жамбы ату спортының қарқыны мықты. Алматы облысы Талғар ауданында ат спорты түрлерінен жастар арасында өткен Азия чемпионатында көкпардан елдің құрама сапында өнер көрсеткен жаңақорғандық шабандоз Нұрлыбек Асқаров алтын медаль иеленді. Көкпардан жаңақорғандық жігіттерден құрылған Қызылорда құрамасы Қазақстан чемпионатында үздік үштіктен көрініп жүр. Еркін және белбеу күрес мектебі қалыптасқан. Еркін күрестен жаңақорғандық Дәулет Ниязбеков, Ғалымжан Өсербаевтар, Азамат Шағапұлы елдің намысын қорған жүрген жетекші спортшылар. Белбеу күресінен №8 ОРМБЖМ оқушылары биылғы жылы Қазақстан, Әлем чемпионаттарында 56 медаль иеленді. Оның ішінде, Әлем чемпионатынан 8 медаль алды.
– Жаңақорған ауданында қай спорт түрлеріне басымдық берер едіңіз?
– Жаңақорған ауданында спорт түрлерінен – футбол, волейбол, гандболдың орны биік. Таеквондо, ауыр атлетика, дзюдо спорты дамып келеді. Қол күрес пен гір спортының екпіні жақсы. Бәрінен бұрын, күрес түрлері – еркін, белбеу және қазақ күресін ерекше атау керек. Жалпы Жаңақорған ауданының спорты қарқынды дамып келеді. Оған 2017, 2018 жылы республика бойынша «Үздік спорт бөлімі» атанғаны дәлел болады.
– Мемлекеттік-жекеменшік әріп­тестік (МЖӘ) аясында салынып жатқан спорт кешендері жайлы тоқтала кетсеңіз?
– Бағдарламаға спортты дамытудың тың тетігі ретінде қараймын. Халықтың спорттық нысандарға қолжетімділігін арттыру мақсатында соңғы екі жылда аймақта 16 спорт ғимараты іске қосылса, соның 9-ы МЖӘ аясында пайдалануға берілді. Жоспар бойынша 18 жоба кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Мәселен, жыл басында Жаңақорған кенті мен Сүттіқұдық ауылдық округінде спорт кешені пайдалануға берілсе, Тәуелсіздік күні қарсаңында Сунақата және Қожакент ауылдық округінде типтік жобадығы спорттық нысан есігін ашты.
– Сұхбатыңызға рақмет! Сыр спортшыларының биік жетістігімен қуана берейік!

Сұхбаттасқан Нұрлат БАЙГЕНЖЕ


24 желтоқсан 2019 ж. 796 0