№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СПАРТАКИАДА жеңімпазы – №52 мектеп

СПАРТАКИАДА жеңімпазы – №52 мектеп

Дәстүрге айналған білім қызметкерлерінің VII аудандық спартакиадасы мәреге жетті. Екі айға жуық спорттың волейбол, баскетбол, гандбол, футбол, футзал және шахматтан бақ сынаған шәкірттер мектеп мерейі үшін аянып қалмады. Сондықтан, №110 мектеп лицейінде жүзден жүйрік шыққандарды салтанатты шара аясында марапаттап, кубоктар табыс етілді.


Алдымен, облыстық білім басқармасы аймақтық денешынықтыру орталығы ди­рек­­торының орынбасары Ерғали Алпыс­баев пен аудандық маслихат депутаты Нарымбет Көлжанов алғысөз алды.
– Жас ұрпақты патриоттық бағытта тәрбиелеу, олардың спортқа деген махаббатын ояту бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың бұлғын бір парасы. Әрине, бұл өз кезегінде жастардың спорттық дайындық пысықтайды. Ұстаздардың салауатты өмір салтын ұстануына дем береді. Ұйымдастырушылардың еңбегіне алғыс білдіреміз, әсіресе білім бөлімінің әдіскері Қайрат Оралбековтың қызметі орасан, – деді орталық директорының орынбасары.
Иә, аудан спортының өрлеуіне өзіндік үлес қосып, бүгінде мұғалімдер мен оқу­шылардың спортқа деген ынтасын оятудағы Қайрат Пәйізұлының еңбегі ерен.
Енді тұғыр биігінен көрінген мектеп ұжымдарына кезек берсек. Футзалдан «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткізілген аудандық жарыста ұлдар командасынан №125 білім ошағы бірінші орынға жайғасса, №53 және №169 мектеп жастары күміс пен қоланы бөлісті. Қыздар арасындағы ала доп аламанында №52 мектептің бұрымдылары жеңіс тұғырына көтерілсе, №55 мектеп күміс, №240 мектеп алтынды еншіледі. Ал, футболдан №163 мектептің мерейі үстем болды. Сол секілді «Шұбар доп» тақырыбында волейболдан өткен жарыста жас ерекшеліктеріне байланысты командалар жеңіс сатысына көтерілді. №224, №223, №167 және №193 білім ошақтары жеңіспен оралды.
«Алтын доп» тақырыбында баскет­болдан өткен аудандық сында №54, №51, №110 мектеп-лицейінің оқушылары алтын­нан алқа тағынды. Гандболдан «Ұшқыр доп» деген тақырыпта тартысқан қол добының шеберлері арасынан №192, №110 мектеп-лицей, №52 білім ошағы жеңістің ең биігінен көрінді. Сондай-ақ, шахматтан №195 және №110 білім ордасы жеңімпаз атанды. Жалпы, қорыта келе командалық есепте 419 ұпаймен №110 мектеп-лицей үшінші орынға тұрақтайды. Ал, 427 ұпаймен екінші орын №53 мектеп қол созды. Алтын тұғыр 464 ұпаймен Әбдіқадыр Тұрар басқаратын №52 мектепке бұйырды.
Сонымен қатар, «Спорт жұлдыздары» журналы редакция алқасының шешімімен «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі» үшін медалімен Мелдебек Есболат, Төленбай Жұматаев және Болат Сүлейменов марапатталды. Марапаттау рәсіміне ұлағатты ұстаз Өмірзақ Оспан­беков, Әзілхан Үпенов, ардагер ұстаз Мұхтар Өрғараев, өнер иесі Уәли Ибрагимов шақырылды.
Енді АӘД пәнінен «Жас мерген – 2019», «Мерген ару – 2019» және «Айбын» әскери-патриоттық сайысында жүлделі болған мектептерге тоқталсақ. №245 орта мектебінің команда жетекшісі Жанболат Қасымбековтың ұлдары мен қыздары және №163 мектептің ұстазы Қуаныш Аблакимовтың шәкірттері мерген атанып, абыройы асқақтады. Сол секілді Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 30 толуына орай өткізілген «Мерген-2019» ұстаздар арасында аудандық біріншілік ұйымдастырылды.
– Бұл спартакиада дәстүрлі жалғасатын болады. Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жы­лын­да АӘД бойынша жүргізілген жұмыс­тарының қорытындысы бойынша рейтинг жарияладық. Себебі, кейбір мектеп педагогтарының жұмысы төмен деңгейде. Мәселен, №247, №125, №194 мектеп ұстаздарының нәтижесі көңіл көншітпейді. Ал, үлгі ретінде №245, №195 және №54 білім ошағын айтуға болады, – деді Қайрат Оралбеков.
Осымен жылды қорытқан білім қызметкерлері келер жылға дайындығын бастап кетті. Былтыр №110 мектеп-лицейге бұйырған бас жүлде биыл №52 мектептің еншісінде кетті. Келер жыл осы алтын тұғырға таласу үшін мектептер «Мектеп лигасы» аясында бақ сынасатын болады.

Әли ТЕМІРБЕК.
05 маусым 2019 ж. 895 0