"Жаңақорған тынысы": биыл футболдан қандай тұғырды бағындырдық?
Иә, шығармашылық ұжым мақала жазу бәйгесі, ақындар мүшайрасында додаға түсіп жатады. "Жаңақорған тынысы" ұжымы шағын футболдан облыстық және республикалық турнирлердің төрінен көрініп келеді. Биылғы жыл біз үшін табысты болды десек болады. Соны бір саралап көрейік.
Ең алдымен Түркістан қаласында өткен БАҚ өкілдері арасындағы республикалық турнирге бардық. Ауданнан келген команда ғой деп жарысқа алғаш қосқан болатын. Елемен бұта көз шығарады демекші, айды аспаннан бірақ шығарып, алтыннан алқа тағындық. Одан кейін облыстық турнирлерде күміс, қоланы қос-қостап алдық. Тіпті, М.Нәлібаев турнирінде үшінші орыннан көріндік. Кіл мықты аяқ допшылар келген дәстүрлі турнирде кәсіпқой футболшыларды жерге қараттық. Шиелі, Шымкент, Қызылордадан келген кәнігі футболшыларды жүлдесіз қалдырдық. Ал, жыл соңында 3 жыл күткен облыстың чемпионы болдық. БАҚ өкілдері арасында облыста алтын бұйырмай жүрген болатын. Ақыры оған да қол жеткіздік. Бір сөзбен айтқанда аудандағы бұқаралық спорттың дамуына тек рухани тұрғыда емес, кәсіби тұрғыда үлес қостық деп айта аламыз.
Міне, 2019 жыл шығармашылық ұжым жылды осылай қорытты.