Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ғалымжан чемпион, Жандос қолаға қол созды

Ғалымжан чемпион, Жандос қолаға қол созды

Павлодар қаласында ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы, педагогика ғылымдарының докторы, академик Жанат Усиндi еске алуға арналған еркін күрестен Республикалық турнирде қос жаңақорғандық балуан жеңіс тұғырынан көрінді. Олимпиада ойындарының қатысушысы, Азия чемпионы Ғалымжан Өсербаев 79 келіде алтыннан алқа тағынды.
Ол ақтық сында Айдар Балдымбаевтан басым түсіп, Сыр елінің мерейін асырды. Ал, 57 келіде бозкілемге көтерілген тағы бір жаңақорғандық жас балуан Жандос Кәрібай қолаға қол созды. Жастар арасында бақ сынап жүрген оның болашағынан үлкен үміт күтеміз.
Жеңіс құтты болсын Сыр елі!
02 желтоқсан 2019 ж. 609 0