№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бокстан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы болған бапкердің үміті ақталды

Бокстан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы болған бапкердің үміті ақталды

Жуырда «Жастар жылы» мен «Мұрагер» мектебінің 100 жылдық мерейтойына орай бокстан жасөспірімдер арасында қалалық ашық біріншіліктен жаңақорғандық қыздар жүлделі оралды. Елдің түкпір-түкпірінен және көршілес Өзбекстаннан келген боксшылар жарыстың көркін қыздырды.
Алдымен Анелла Төрехан шаршы алаңға шығып, барлық қарсыластарынан басым түсіп, ақтық сынға жолдама алды. 26 келіде жұдырықтасқан бұрымды боксшы күмісті қанағат тұтты. №3 мектеп-интернатта білім алатын қыздың жолын жарыс қожайыны кесті.
– Жарыстың деңгейі өте жоғары болды. 200-ден аса боксшы сынға түскен біріншілік шәкірттерімнің алғаш­қы баспалдағы болатын. Барын салды, бұйырғаны қос күміс, бір қола болды, – деді жас болса да білікті бапкер Гүлжайна Уббиниязова.
Жалпы Жаңақорғанда қыздардың бокс үйірмесінің ашылғанына да жыл толған жоқ. Десе де, алғашқы қарлығаштары республикалық сында жеңіс тұғырынан көрініп үлгерді. Гүлжайнамен бірге Қуандық Жүсіп баптайтын бұрымдылардан жерлестері үлкен үміт күтеді.
Одан кейін жарыс төрінен көрінген Әлия Абила да күмісті еншіледі. Тек Балғын Тілеулес жартылай сында сүрініп, қола үшін тартыста жеңімпаз атанды. Қос боксшы да кенттегі №163 мектептің оқушылары.
– Алғашқы жарысымыз болған соң аздап қобалжу болды. Бапкердің айтқан әдістерін қолданып, барымызды салдық. Алдағы уақытта бұдан да биіктерді бағындыратын боламыз, – деді Әлия.
Міне, Жаңақорғанда енді ғана еңсе көтеріп келе жатқан қыздар боксының аяқалысы осындай. Гүлжайна сынды білікті бапкердің шәкірттерінен ел және байрақты бәсекелерде алтын сыйлайтын қыздардың өсіп келе жатқанына сеніммен қараймыз. Осындай талантты жастардың жолына шырақ жағып, демеп, қолдап отырсақ болғаны, қалғанын спортшылардың еншісіне қалдырайық.
01 желтоқсан 2019 ж. 508 0