№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » 81 келідегі куба дәуірі...

81 келідегі куба дәуірі...


Мен, ла Круз, Хулио Сезар ла Круз, бақытты спортшымын!

10 жылдан астам уақыт бойы даңқ тұғырынан түспеу бұл тек таңдаулылар ғана кешер бақ. Оңай емес, тіпті, мен ла Крузбын, маған да оңай болған жоқ. Өмірімнің соңғы он жылы өмір емес жәй жаттығу мен үй арасындағы серуен, ал жарыстар ара-тұра желпініп алар демалыс сәттері болды.
Талай қарсыласым мені жеңе алмаған күйі риңмен қоштасты...
Талай тамаша жігіттердің жігері құм болғанын көрдім.
Кейбіреуімен әлі де жақсы араласам.
Мәселен, Әділбек деген қазақ. Ғажап жігіт, керемет ойыншы. Техникасы, күші менімен тепе-тең, мойындайтын азғана қарсыласымның бірі.
Бірақ, менімен түйіскен жолдары сәтсіз болды. Үш финалда Әділбекпен ойнадық, үшеуінде де төрешілер жеңісті кубалыққа берді...
Әділбектің екі Олимпиялық ойындардағы күмісі әр спортшының армандайтын биігі, сөз жоқ. Ол Әділбектің қайсарлығы, табандылығы. Сөйлесіп тұрамыз, туған қаласына шақыратын. Теңіз жағасында тұрады екен. Ерекше батыр, бір сөзді адамдар тұратын аймақта өскенін сөз қылатын, мән бермеппін.
Иә, мен сол кез мән бермеппін. Кешегі ойыннан соң мен Әділбектің сол "мен өскен өлкенің жігіттері шетінен батыр" деген сөзін еске алдым.
Кешегі мені ұтқан жас жігіт Әділбектің інісі, өскен ортасы, мектебі, тәлім терген тренері ортақ екен.
Қайран қалдым... "Осы ӘЧ ұтып "бес дүркін" деген өшпес, өлмес атақты жеңіп алам" дегеннен басқа ой болмаған менде. Алайда, тосыннан тап келген жас жігіт... Ол Әділбектің інісі екен.
Өкінем, әрине. Мен Жеңілістің дәмін (мүмкін, Құдайды - ауд.) ұмытыңқырап қалған адаммын. Кешегі ойыннан соң Әділбек кешкен күйді түсіндім, ал түсіндірген Әділбектің інісі. Тағдыр деген осы...
Бәрі өтпелі екенін білетінмін, алайда, құлпырып тұрған дүние тап осылай бір сәтте жалт береді деп ойламаппын...
Ең үлкен қорқынышым не екенін білесіз бе? Айтайын: 81 келідегі Куба дәуірі аяқталған секілді...

(с) Ла Круз, Олимпиада чемпионы
© Алмас Алтай (Facebook парақшасы)
23 қыркүйек 2019 ж. 668 0